Жан сырымды көрінгенге шертем бе,
Көзім салман серісымақ селтеңге.
Осыншама өрттен қалған Еменмін.
Түбірінен қайта қаулап өртеңде.
Кіл тәттіден тұрса егер сыбағам,
Мен тағдырдан ұзақ ғұмыр сұраман.
Кіл ащыдан тұрса егер сыбағам,
Жылдарымды қиқымдардан құраман.
Сыбағама қарық қылған өлкемде,
Тірлік - теңіз,
Жел толтырып желкенге,
Тартып келем, тағдырымнан тайынбай,
Тартып келем талайлырақ Ертеңге.
Үлесіме қарық қылған өлкемде
Үмітіме жарық құйған Ертеңге
Апармасам Алтын айшық, әз өрнек,
Менің мынау тіршілігім көркем бе?!
Жан сырымды көрінгенге шертем бе
- ramuk_b
- 26 қараша 2018
- 915
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жан сырымды көрінгенге шертем бе өлеңі, Мұзафар Әлімбаев, Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жұлдыз көп, түн қойнында жымыңдаған
Жұлдыз көп, түн қойнында жымыңдаған. Жымыңдап, сан тағдырдан сыр ұрлаған. Мен - Күнмін, Жүрегі нұр, тәні - Шуақ. Сөнбейтін сәуле берген ғұмыр маған....Түн бола алман!
Жалғыздығым жазмышындай көктемнің, Жанарымда жалғыз тамшы өткен күн. Жан сырымды жүзіңізге жасырып, Жалт еткен сәт,жарығыммен өбкенмін....Ішім өлген, сыртым сау
Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау: Бүгінгі дос - ертең жау, Мен не қылдым, япырмау?!...Екі шыбын
Бір Өгіз күні бойы тартып сабан, Қайтты елге сабанымен кешке таман. Мүйізінде Қара шыбын отыр еді, Кез болды бір танысы жолда оған....Сарыжайлау
Жазира, жасыл кілем өрнектеген, Туған жерге, дариға, жер жетпеген! Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем, Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.