Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз
Оздырдың салтанатты еліңнен қыз,
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңкің сары алтындай көрінген қыз.
Шәй ішіп самаурыннан сәске түсте
Керіліп әзер тұрасың төріңнен қыз.
Қосшы ертіп, үкі қадап, жорға мініп,
Көшкенде салтанатың көрінген қыз.
Дәулеттің қалың қара арқасында
Асқан жоқ қатар - құрбың өзіңнен қыз.
Бұлаңда дәурен өтпей басыңнан қыз,
Сүйегің жаратылған асылдан қыз.
Лебізің, сөзің - шырын, маржан - тісің,
Кеткісіз келген адам қасыңнан қыз.
Адамның жалғаншыда арманы не,
Сенімен дүниеде қосылған қыз.
Сөйлесең сүт шығады тіліңнен қыз,
Құрбыңа салтанатың білінген қыз.
Басыңнан бұл дүние өтеді деп,
Қайғымен тамақ ішпей бүлінген қыз.
Қамқа бөрік, камзол, бешпет, алтын ілгек,
Ақ көйек зер шашақтан киінген қыз,
Қызығын дүниенің сізде көріп,
Ата - анаң үйде отырып сүйінген қыз.
Шалықта ата - анаңның дәулетіне,
Бір күні жөнелерсін үйіңнен қыз.
Әуелде атаңа еріп анаң келген,
Ойласаң осы жерден білінген қыз.
Қыз
- ramuk_b
- 23 қараша 2018
- 1603
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қыз өлеңі, Мұрат Мөңкеұлы, Мұрат Мөңкеұлы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Бәрі тойға кеткенде
Бұл ауылдың әрбір үйінің жағдайы өзіне мәлім Қоштайдың ойына бір қулық келіп, орала кетеді де:...Кәрілік туралы
Бар болса білім, Сен сөйле, тілім, Жан менен дене бірінде. Ойласаң, көңіл, Өзіңе жеңіл, Қайратың қалың күнінде....Дос, достық, жолдас туралы мақал-мәтелдер
Жақсы дос — Басыңа дос Жаман дос — Асыңа дос. Достың айнасы — досы. Қостың айласы — мосы....Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі
Саған сенім артады Әкең де, Анаң, Дей берсін сен туралы: «Ерке – балаң», Сондықтан күні ертеңгі мерекемен, Сені де құттықтайды ертең Анаң....Жұмыққа
Атың емес, Жұмық - ай, ойың жұмық, Бір басыңнан шығады нелер қылық. Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ, Жүргендей боп кеттім - ау көзді жұмып....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.