Арғымақтан туған қазан ат,
Шабуыл салса нанғысыз.
Қазан аттан туған қаз мойын,
Күніне көз көрінім жер шалғысыз.
Айырдан туған жампоз бар,
Нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мая бар,
Асылын айуан десең нанғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар,
Атасын айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Жарамды бір теріге алғысыз.
Тайманның ұлы Исатай
Ағайынның басы еді,
Алтын ердің қасы еді;
Исатайды өлтіріп,
Қырсық та шалған біздің ел!
Тайманның ұлы Исатай
- ramuk_b
- 16 қараша 2018
- 1986
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тайманның ұлы Исатай өлеңі, Махамбет Өтемісұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жігіт, жолдас, адам, жол туралы мақал-мәтелдер
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз. Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар, Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар....Жауынды күні көп жүрме
Жауынды күні көп жүрме, Жар жағасы тайғақ-ты. Жаманға жақыным деп сөз айтпа, Күндердің күні болғанда, Сол жаман өз басыңа айғақ-ты! Асау тулап...Уақыт туралы мақал-мәтелдер
Жыл деген ат басын бұрғанша, Ай деген аунап тұрғанша. Заман айнасы — замандас....Туған жер туралы мақал-мәтелдер
Туған жердің торғайы да сүйкімді. Туған жердің торғайы Тұрымтайдай көрінер. Құлыны тайдай көрінер, Қыздары айдай көрінер....Адал ұл ер боп туса, ел тірегі
Қазыбек би: Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің ең соңы болады деген....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.