Ей, айтайын арнап Ешенге,
Кетіп еді есем де.
Айтатұғын жөнім бар
Ешенге не десем де.
Жұмаққа тура бастайтын.
Ел серкесі көсемге,
Құтқаратын тозақтан
Шариғатқа шешенге.
Ешен елді аралап,
Қошқар, теке жинадың,
Құдай жолын қуған деп
Ешен сені сыйладым.
Маңдайдағы бай болдың
Нәпсіңді неге тыймадың?
Өзің алсаң жүз аз деп,
Берсең, бірді қимадың.
Жетерлік болды елге де
Сенің болды иманың.
Құдайға қолыңжеткізіп,
Беремін деп пенденің
Талайын алдың тартқандай,
Кем мен кетік, кенденің
Бала берем саған деп,
Сан әйелді емдедің.
Күйсеуіңе болайын,
Сен болсаң менің сенгенім.
Жазылады деп ең, жазылмай
Талайы өлді қаза боп,
Өледі деп ең, жазылды,
Талайы құлан таза боп.
Бала түгіл, сымбыл жоқ,
Бедеуге бала бермек ең,
Бедеу қатын қалды ма
Сен етегін көрмеген?
Дулаттың ащы жырынан
Алдамшы сендей Ешеннің
Талайлары терлеген.
Ақылы жоқ молдалар,
Оңайлықпен келмейді,
Иман деген қиын да,
Өзіңде Ешен иман жоқ,
Елге иман бермексің.
Қиямет қайым болғанда,
Әуелі өзің көрмексің.
Өтірік айтқан сөзіңнің
Орнасын сонда таба алмай,
Аман - есен кетпессің
Жәһәннамға қамалмай.
Алдап алған малыңның
Есебіне жете алмай,
Қалтырарсың, Ешенім,
Қыл көпірден өте алмай,
Жөніңе көш, Ешенім,
Тозаққа қарай бет алмай.
Ей, айтайын арнап Ешенге
- ramuk_b
- 13 қараша 2018
- 1281
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ей, айтайын арнап Ешенге өлеңі, Дулат Бабатайұлының өлеңдері, Дулат Бабатайұлы
Ұқсас жаңалықтар:
Қызыма
Туған күнің құтты болсын, жан қызым, Айшам менің еркелеген сəн қызым. Ата - анасын жетелейтін жұмаққа, Алтыннан да қымбат маған əр қызым....Бес қымбат
«Ең әуел керек нәрсе иман»-деген, «Ақырет iстерiне (ишларына) инан!»- деген! «Құдай кешiрер!»-дегенмен, iс бiтпейдi, «ИМан шартын бiлмесе,...Қара сөздер. Абайдың он үшінші қара сөзі
Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы...Иман туралы ұлағатты сөздер
Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды. Абай Құнанбайұлы...Нан туралы баллада
Соғыстың іште, сыртта желі аңырап, Сатылап құлап жатты сан шаңырақ, Астынан сол шаңырақтың қылтидық біз Секілді жауын күнгі саңырауқұлақ....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.