Дүниеде жалғыз күн бар нұры сөнбес,
Оны сөнед дегенге әлем сенбес,
Ақылдың сомдап соққан биік шыңы,
Ленин мен ұлы Сталин соған теңдес.
Еңбекке бере алатын анық баға,
Мұқтажы жоқ, ерікті халық қана,
Ондай ел — бақыт тапқан өз Отаным,
Ер ұлы ел бастаған алып дана.
Тұрған күні қара тау қалқасында,
Халқымның мен жетістім ортасында,
Халық та, мен де жеттім мұратыма,
Нұрымның Сталиндік арқасында.
Айшығы адамзаттың ұлы Ленин,
Еңбек еткен халықтың күні Ленин.
Жүрегімнің төрінде жұлдыз едің,
Мәңгілік тақтым енді сені Ленин.
Қымбат сый, қымбат бахыт шексіз құны,
Өкіметім сыйласа — халқым сыйы.
Шаттық заман арнасы ағып жатқан,
Мен емес мұны таққан — халық жыры.
Қымбатты сый
- ramuk_b
- 12 қараша 2018
- 1078
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қымбатты сый, Жамбыл Жабаев өлеңдері, Жамбыл Жабаев
Ұқсас жаңалықтар:
Аяз би
Аяз биім! Аруағым, табынарым. Ар мен ақыл - бас иіп, бағынарым. Алдыменен сені ұғып, Сені сыйлар Маңдайына жазылған бағы бар ұл....Ленинградтық өренім!
Ленинградтық өренім! Мақтанышым сен едің! Нева өзенін сүйкімді! Бұлағымдай көремін....Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз ел....Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!
Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің! 1 - жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және мерекелік концерттің қонақтары. 2 - жүргізуші:...Білесің бе?
БІЛЕСІҢ БЕ?! Білесің бе?! Өкінбеймін өткенге, Сезімге ыстық қолым енді жеткенде Тәңірдің тартқан тәтті сыйы Ащы мұңға айналарын білгем бе?!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.