Мен саған сыр айтамын:
біреулердің қайтеміз құр айтағын,
сезе тұрып қайғысын соңындағы;
білеміз ғой - қателік со жылдағы,
өкпе, наз бен жел-өсек - соның бәрі
сені менен мені тек мұңайтарын,
жел ескендей желпісіп жұрт етегін,
біздерді күлкі етерін;
сайқал-мысқыл ойнақтап жүздерінде,
жанашырсып жат жандар бізге мүлде;
мүләйімсіп түртетін бос қораны
аула-жайдың қорсылдақ шошқалары,
бұл күнде төс қағады
көктемде аузы тигендей күзгі егінге.
Мен ұққаным - осының бар «шатағы» -
тек бізді шаршатады:
екеуіміз де соншалық тырыссақ та
тіпті сәлемдеспеуге дұрыстап та;
ұмтылсақ та өзгемен ұғыспаққа -
содан біздің қайғымыз қанша тағы!
Мұның бәрі - бізді бір-бірімізге
одан сайын еріксіз аңсатады.
Мен саған сыр айтамын
- ramuk_b
- 6 қараша 2018
- 953
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мен саған сыр айтамын өлеңі, Фариза Оңғарсынованын өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Сына мені, сына тағы, сынап бақ
Хақ - тағалам, маған қатты ұнайсың! Сұқ көзіңді менен сыртқа бұрмайсың. Басқаларға батпай қойды бармағың, Мені ғана, мені ғана сынайсың....
Ай мен күн
Жер ананың сұлу қыздары. Ертеде Жер ана дүниеге екі сәби әкеледі. Екеуі туылғанда Жер ана біреуіне Ай, екіншісіне Күн деген есімдерді береді...
Спорт - денсаулық кепілі
Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды...
Бақытты бол
Өр көңілім саған қарай сүйреген, Әнім едің шырқай салған кештерде. Тұрып-тұрып қайтушы едім үйге мен, Терезеден сенің шамың өшкенде....
1 наурыз алғыс айту күніне арналған өлең, тақпақтар
Күндіз-түні еркелеткен күнім деп, Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп. Ақ жаулығы желбіреген апатай, 1000 алғысын айтады күнің кеп! Немере ыстық екен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.