Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды,
Ақылымның есігінен аттай бере жығылды.
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап,
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау зығырды.
Інім айтса бас изедім, ағам айтса қош көрдім,
Жанның бәрін жатырқамай, жақсы дедім, дос көрдім.
Араларын ажырату мұншама ауыр болар ма,
Адалдық пен арамдық деп аталатын қос белдің.
Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын,
Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын.
Адалсың ба, қолынды бер, сенен тәлім алайын,
Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын.
Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.
Өмірдегі адамдықты, адалдықты теріп ал,
Қалғандарың құлан жортпас құла дүзге лақтыр!
Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды
- ramuk_b
- 1 қараша 2018
- 1125
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мінe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды өлеңі, Мұқағали Мақатаевтың өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:
Сөзім барда, көзім жоқ
Сөзім барда, көзім жоқ, Көзім жоқ деп жатпадым. Би мен бекті жақтадым, Бәйбішенің мойына Жырдан алқа таққаным,...Адалдық туралы мақал-мәтелдер
Адалдық үшін арыдым деме. Адалдық — ардың ісі. Құлан өз қағынан өзі жерімес....Түсімде
Басында жаназаның қызғыш көрдім, Сырты — қой, іші — қасқыр бұзғыш көрдім. Жұрт көзінше сүзіліп, түсін бұзып, Тәсбиқ деп кез жарым тас тізгіш көрдім....Шыны осы
Адам сәні барлық шақта Аброй, бірлік ынтымақта. Шында ғана тұрақтылық, Күйе жұқпас көңіл аққа....Неге жыламасын?!
Неге жыламасын?! Бәрісі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.