Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын,
Кім білсін, қандай екен ішкі сырын.
Әдепсіз, молда алдында тасыраят,
Біле алмай отыруды әнтек қырын.
Бай қызы бұлғақтаған, ерке-шолжың
Күңге лайық кескін мен сыртқы формың
«Бақ та қатын» деген бар, «сор да қатын»,
Тосып жүрген сені де бар бір сорлың.
Сабақты бірге оқып, болдық таныс,
Отырған орын жақын, көңіл алыс.
Жібек, торғын жапқанмен көрініп тұр
Жүндеген түйедей боп, қара қайыс.
Паңсынған, бай қызы боп мінез қандай,
Көрік, сымбат, білімі түгел жандай.
Кейде «ерке боламын» деп әуреленет,
Қара талыс қапшығын есіне алмай.
Сені де дүние үшін біреу алар,
Кім болса да екінші, сорға қалар.
Есі дұрыс жан болса сенен гөрі,
Деп айтпас «сеніменен бағым жанар»,
Естісе, әкең азбан қырына алар,
Басыма арылмастай пәле салар.
Тамақтың құлы болған қызыл ауыз,
Аласысыз өшігер, иттей талар.
Естісе әркім мұны жаттап алар,
Алты бақан тепкенде әнге салар.
Әкесінің көз құны бардай іздеп,
Кім жазғанын боз азбан тінтіп табар.
Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын
- ramuk_b
- 23 қазан 2018
- 988
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын өлеңі, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Біздің жақта
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, Ағашты биік таулы жерлері бар. Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын Меймандос, берекелі елдері бар....Сұрша қыз
Неше жыл жүрсем дағы мен айдауда, Шыдаймын, қажымаймын денім сауда, Дәм жазып осы жолдан аман қайтсам, Сұрша қыз, көрісерміз Баянтауда....Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй....Жал, құйрығы қаба деп
Жал, құйрығы қаба деп Жабыдан айғыр салмаңыз Қалың малы арзан деп, Жаман қатын алмаңыз....Жылқы түсіне байланысты атаулар
Қара жылқы. Сырт түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты боп келуі. Сары жылқы. Жылқының сыртқы түгі бірыңғай, сары болып келуі. Жирен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.