Бірінші бір қыз келер ақша мандай,
Жамағат - үлкен - кіші мақтағандай.
Анадан туғаннан - ақ болып дана,
Әлінше жақсыларды жақтағандай.
Құрбысын жауға бермес ол шаhыбаз,
Жолдасын сары алтындай сақтағандай.
Жүреді теңін тауып ойнап - күліп,
Сыны жоқ жұмысының ақсағандай.
Екінші бір қыз келер тілі жорға,
Ұқсаған жұмақтағы бейне хорға.
Ажары, ақша беті сағымданып,
Жарасар құлағына алтын сырға.
Үшінші бір қыз келер қара шашты,
Күлім көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты.
Шомылған айдын көлдің аққуындай,
Отырар ағажан деп кәрі - жасты.
Төртінші бір қыз келер қара торы,
Бұлғақтар шекесіне таққан шоғы.
Өз ісін өзі білмей жұртқа күлер,
Білініп жүрсе - дағы нәзік жолы.
Бесінші бір қыз келер сұрша жайдақ,
Отырар тәуекелге белін байлап,
Көңілі жас - кәріні бірдей көріп,
Нәпсіні семіртеді майдай шайнап.
Алтыншы бір қыз келер толық сары,
Бойнына тең келмейді жанның бәрі.
Лайықты өзіне тең таппаған соң,
Кетпейді көкіректен қайғы - зары.
Жетінші бір қыз келер алым - салым,
Болғанда мойны қысқа, шашы қалың.
Әр қашан осындайға кез келеді.
Қашаннан арылмаған соры қалың.
Қыз сипаты
- ramuk_b
- 22 қазан 2018
- 2061
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қыз сипаты өлеңі, Ақан Сері Қорамсаұлының шығармалары, өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ақылды адам – өмірге бейімделер
Ақылды адам – өмірге бейімделер, Тылсымына әрі-бір зейін берер. Бақ құйылса аспа-төк – тасымайды, «Бұйырмаған-дей салар-кейін келер!»...Сағындым әже
Өзіңсіз мынау жалғанда, Қайғының орны толар ма? Өмірден өткен жан әжем, Кезек бір келер маған да....Абырой туралы мақал-мәтелдер
Қызыл тіл жанның мияты, Абырой ердің қуаты. Абырой қонар жігітке Ажалды қоян тап келер....Толғау
Еменнің түбі сары бал, Еріскен көңіл бәрі бал. Жоғарыдан төмен төгейін, Керегіңді теріп ал....Мақтаншақ туралы мақал-мәтелдер
Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба, Алдында құрулы торлар бар. Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба Алдында алуан орлар бар....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.