Сайтқа кіру Тіркелу

Әй, достарым

Әй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма!
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма.
Жақсының жүзі жәндетті,
Бір көруің қанібетті,
Жаманның ісі міндетті,
Зар берсе алушы болма!
Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа.
Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып сыр айтпа.
Күндердің күні болғанда,
Ол жаман айғақ болар басыңа.
Бар күшіңді сынаспай,
Балуандармен күреспе.
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың көлемге.
Ақылсыз достан - ақылды дұшпан артық.
Сырты майда, іші қан.
Ел ішінде жар - жора,
Достарыңнан бір сақтанғанда мың сақтан.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жауынды күні көп жүрме

Жауынды күні көп жүрме

Жауынды күні көп жүрме, Жар жағасы тайғақ-ты. Жаманға жақыным деп сөз айтпа, Күндердің күні болғанда, Сол жаман өз басыңа айғақ-ты! Асау тулап...
Би Темірге айтқан бірінші толғауы

Би Темірге айтқан бірінші толғауы

Аспанды бұлт құрсайды - Күн жауарға ұқсайды. Көлдерде қулар шулайды - Көкшіліден ол айуан Соққы жегенге ұқсайды....
Дос, жолдас, жора туралы мақал-мәтелдер

Дос, жолдас, жора туралы мақал-мәтелдер

Алыстағы досыңа Ат берсең де жарасар, Үйіне мініп барсын деп. Жақындағы досыңа Хат берсең де жарасар Ұмытса есіне салсын деп....
Дос, достық, жолдас туралы мақал-мәтелдер

Дос, достық, жолдас туралы мақал-мәтелдер

Жақсы дос — Басыңа дос Жаман дос — Асыңа дос. Достың айнасы — досы. Қостың айласы — мосы....
Достық, жолдас, дос, татулық туралы мақал-мәтелдер

Достық, жолдас, дос, татулық туралы мақал-мәтелдер

Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың. Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×