Ашылып түлкі жүрді жапандарда,
Тамақ іздеп жол шекті сапарларға...
Ешнәрсені көре алмай келе жатса,
Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.
Жүгіріп түлкі соған жетіп келді,
Қарға ағаштың басында мұны көрді.
Тістегені аузында тәтті ірімшік,
Оны көріп түлкі - екең сөйлей берді.
«Қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын.
Сырттан халқаң тілейді барша халқың.
Қарға әніңдей әуез жоқ деп.
Осылайшы шығады сыртқа даңқың.
Сандуғаш, бұлбылдарды көріп едім,
Жүзіңді бір көруге келіп едім,
Даусыңды бір шығаршы шаттанайын,
Сырттан асық болғаннан өліп едім».
Басын салып, құйрығын бұлғаңдатып,
Екі көзін қарғаға қылмаңдатып.
«Қарға тақсыр, көз жасым көріңіз»,- деп,
Жыламсырап сөйлейді жылмаңдатып.
Масаттанып бұл қарға сілкінеді,
Ішін тартып миықтан бір күледі.
«Арып - ашып алыстан келген шығар,
Көңілі тынып кетсінші, шіркін», - деді.
Мақтау сөзге семіріп, судай тасып,
Пәрменінше « қарқ » етті аузын ашып;
Қарқ еткенде, ірімшік жерге түсіп,
Оны кетті түлкі - екең алды қашып.
Қарға мен түлкі
- ramuk_b
- 16 қазан 2018
- 4811
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қарға мен түлкі өлеңі, Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы
Ұқсас жаңалықтар:
Түлкі мен ешкі ертегісі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті....Сонарда
Қаңтарда ма, ақпанда ма, Із кесіп, қан сонарға аттанғанда, Қарайсың қырқаларға, қапталдарға, Қарайсың ақ қағаздай жатқан қарға....Белгілі биік көк сеңгір
Белгілі биік көк сеңгір Басынан қарға ұшырмас, Ер қарауыл қарар деп, Алыстан қара шалар деп;...Қарға туралы мақал-мәтелдер
Екі сұңқар таласса, Бір қарғаға жем түсер. Тозған қазды Топтанған қарға алады....Қарға мен түлкі
Боқтықта талтаңдап, Жан-жаққа жалтаңдап, Бір қарға жүр еді. Бір жатқан ірімшік Көзіне түседі, Көңілі өседі....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.