Өмір жолдың болса да көп астары,
Әкелермен биік елдің аспаны.
Қашанда да құрмет тұтқан аналар
Шаңырақтың иесі олар, бастауы.
Тау тұлғалы, шынар болмыс заңғарлар
Деді ме ұлтқа баба жолын жалғаңдар.
Олар еңбек ортасында шынығып,
Сын сағаттың жауынгері болғандар.
Күрескендер ұрпағының бағы үшін,
Серік етіп болмысына ар ісін.
Көлеңкесін түсірсе де кейде өмір,
Түсірмеген ерге лайық намысын.
Қиындыққа төзімменен көнгенсің,
Іздемей-ақ ұсақ-түйек елден сын.
Дауға түссе шешендікпен шиырлар
Билер құсап бітім айтқан сендерсің.
Бата берер ұрпағына бақ ашар,
Қастерлі сөз қасиетіне кім таласар.
Әулетіне үлгі болып отырды
Тұғырдағы қырандай боп қара шал.
Сан жадырап түссе еске жастығы,
Бастан өткен тоқтығы да, аштығы.
Солар салған ізгілікті сүрлеумен
Жалғасады бүгінгі ұрпақ дәстүрі.
Ана жүзден мейірім болып күлді күн,
Ұғынса әке қабақтағы кірбіңін.
Әке жайлы мақтан айтып қыздары,
Соларға ұқсап келеді өсіп ұл бүгін.
Солар жайлы болса кейде жыр басы,
Дейді ме әке ұрпаққа сыр тыңдашы.
Өзгерсе де уақыттың сан өрнегі,
Аласармас Әкелердің тұлғасы!
Әкелерге арнау
- ramuk_b
- 14 қазан 2018
- 2552
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әкелерге арнау өлеңі, Ғабиден Қожахмет өлеңдері, әке, ата, папа
Ұқсас жаңалықтар:
Перзенттерінің аналарына тілегі
Өсіп-жетілдік сенім бағында, Сенімнің бағы - ана мейірімі. Күндерді осы сенің барыңда Санаймыз, ана, өмір сыйлығы....Қазақ қызы
Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары, жаны жаздай жәйраңдаған. «Қыз өссе - елдің көркі...» деген сөзді Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!...Орман
Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу. Кейде тынық, Кейде сұлық, Кейде дауыл гу де гу....Ұстаздар күні құтты болсын!
Мұғалімдер, тәлім, таным сөздері, Сол арқылы келешекті көздеді. Мамандығы мәртебелі болса да, Кішіктікпен өмір сүрген өздері. Мұғалімдер -...Мұғалімдерге арналған өлеңдер
Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін, Еңбек еттің балауса арман үшін. Сен - ертеңгі бәйтерек болашақтың, Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.