Сыйқымбай өзің атың Аятбектен,
Сенде болат кездіксің асыл тектен.
Бойыңда қылтылдаған мінезің бар,
Әйтпесе озар едің талай көптен.
Ноғай мырза, атаң өліп бұл бір жұмыс,
Басыңа түскен екен қатты бір іс.
Болысың - Тілеуберді ана отырған,
Халқыңа оның өзі емес дұрыс.
Ақылсыз жігіт екен тыртаңдаған,
Бұл заманның болысы күй таңдаған.
Жек көргенін халық та сыйламайды,
Пәлеқор, ұры-қары келдің қайдан?
Әбілез, ұлы жүздің төресі едің,
Қарасам сендердің кең өңештерің.
Жақының - Байұзақты мақтасаң да,
Тұңғұйық қарасудың кемесі едің.
Жаныста әзіз Төле әділ болған,
Үшеуің де Төлеге теңеспедің.
Руы Шапырашты Саурық батыр,
Дулатқа асқар таудай емес пе еді?
Кеше өткен дүниеден екі үстінің,
Саурықпен қай жағынан теңес еді?
Болысқа сайламаса жамағатың,
Олармен тұрсыңдар ма егескелі?
Сыбағасын әр кімнің тартатұғын,
Ежелгі ата салты емес пе еді?!
Болыстарға баға
- ramuk_b
- 11 қазан 2018
- 1892
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Болыстарға баға өлеңі, Сүйінбай Аронұлы өлеңдері, өлеңдер
Ұқсас жаңалықтар:
Ақтентек
Қызы едің Ақтентектің шұға мақпал, Әржерде сабырлы ерді тәңрім сақтар. Көңілің бір-біріңнен болса асыл, Ауылын сұлу қыздың жігіт жақтар....Ай, Абылай, Абылай
Ай, Абылай, Абылай, Жеңбеген жауың қалмады-ау, Алмаған жерін аз қалды-ау....Ай, Абылай сен он бір жасыңда
Ай, Абылай сен он бір жасыңда Тұрымтайдай ұл едің. Он бес жасқа келгенде, Арқада Әбілмәмбет төренің Түйесін баққан құл едің....Серіксіз бе едің, құрбыжан?
Сен әлі серіксіз бе едің, Серіксіз бе едің, Құрбыжан? Өтіпті-ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған. Жападан-жалғыз, Жауатын күндей тұнжырап, Жүресің,...Балғожа бидің баласына жазған хаты
Үміт еткен көзімнің нұры, балам, Жаныңа жәрдем берсін Құдай Тағалам. Атаң мұнда анаңмен есен-аман, Сүйіп, сәлем жазады бүгін саған....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.