(Айтыс)
Қара құс:
Жалғанға патша баланған,
Данышпан ізгі саналған,
Аллашыл әділ адамнан,
Қайдан шықты бұл мінез?!
Адам:
Тексеретін сен емес!
Ескеретін мен емес!
Саған адам тең емес,
Маңайымнан жоғал тез!
Қара құс:
Атам менің қара құс,
Өзім қырғи бала құс.
Тояттармын болып тұс,
Жемтігіңе келдім кез.
Адам:
Айтқанымды кектесең,
Оқ жалынсын кетпесең!
Сырғыш қанат етпесең...
Адамға қызмет...
Қара құс:
Қорқытқаның осы ма?
Дегенім ғой «шошыма».
Жүрмесін жетпей досыңа:
Оғыңды сақтап, сонан без!
Адам:
Жауласармыз, тынармыз,
Балдан тәтті тұрармыз.
Сонда сені қуармыз.
Қара жүрек, қанды көз.
Қара құс:
Жауыздығың болды паш,
Жақсылыққа жаның қас.
Ойламаймын қыла алмас,
Қам қылармын мен де біраз.
Адам:
Жазбен бірге жаңғырып,
Көңілге нұр, жан кіріп,
Біз біткенде қаңғырып,
Жоғаларсың сен өзің.
Қара құс:
Біз де тойда болармыз,
Кеудеңе барып қонармыз.
Қара құс біткен тоярмыз,
Мейлің тула, мейлің төз!
Қара құс һәм адам
- ramuk_b
- 11 қазан 2018
- 1214
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қара құс һәм адам өлеңі, Міржақып Дулатұлы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Қасық қанмен қорғап өтем мен сені
Көкжиектен күн боп қолын созған нұр. Құлагер боп керім сыннан озған жыр. Қиянатты қара қылдай қақ жарып, Мұңсыздарға салшы бүгін қозғау бір....
Ақымақ есек
Баяғы заманда боз түйе, сұр ат, ала сиыр, қоңыр қой, сары ешкі, қара есек болыпты. Долы қара есек дөрекі дауысымен жануарларға орынсыз ақыра береді...
Қара сөздер. Абайдың жиырмасыншы қара сөзі
Тағдырдың жарлығын білесіздер - өзгерілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген....
Қара сөздер. Абайдың бірінші қара сөзі
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті...
Қара сөздер. Абайдың тоғызыншы қара сөзі
Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.