Күнәһар болар ма екенмін
Қызуын сезбей күнгейдің?
Ниеті түзу бөтеннің
Жақынымын ба - білмеймін.
Көбірек мұңым күлкімнен,
Досым да, білем, аз ұқты.
Жаным да ащы жыр тілген
Нәзіктігінен жазықты.
Сүлесоқ қалдым , аңдасып,
Ойлардан қызыл от көсеп.
Өтер ме ғұмыр жалғасып
Түсініп ерте кетпесек.
...Өлеңге қайғы шектірген
Көп күнім босқа кетті шын.
Өзімнен ғана деп түйгем
Өмірдің көрсем тепкісін.
Түнеріп аспан әлемім,
Беймезгіл жұлдыз жиі ақты.
Сарайым ішкі , әдемі
Өртеніп кеткен сияқты...
Күнәһар болар ма екенмін
- ramuk_b
- 11 қазан 2018
- 1140
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Күнәһар болар ма екенмін өлеңі, Айсұлу Рүстемованың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ер жігіт дүниені көргені артық
Ер жігіт дүниені көргені артық, Дүниеден не бар - жоғын сезгені артық. Түскендей аспан жерге іс болса да, Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық....Еділ, Жайық - екі өзен
Еділ, Жайық - екі өзен, Талсыз болар деймісің. Көкшетаудың көп көлі Елсіз болар деймісің....Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап
Сен жыладың, жігітім, Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын, Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым....Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен біреуді жаным деп өпкен сенің гүл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен....Сиқырлы етік
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің 2"А"класс оқушысы Смағұлов Мағжан Байтақұлы Класс жетекші Турмагамбетова А. Ж....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.