Сайтқа кіру Тіркелу

Өкінсең жоқ келері

Өкінсең жоқ келері...
Құбылып тұрған қызыл гүл
Қураса кетер мәнері.
Сабыр қылсаң жетерсің
Құданың болса берері...
Жиырма бес жасыңда
Жігіт жетер кемелге.
Он сегізде қыз толып,
Апа болар бір елге.
Құрбыңнан қорлық көрмесең
Құда болсаң бір елге.
Жапырағын жайқалтып
Жайлауда қонсаң бір жерге...
Жылқының құты айғыр-ды,
Ат тумайды атасыз.
Көсегесі көгеріп,
Көбеймейді батасыз.
Ғайбаттың жаман екенін
Біле тұра айтасыз...
Алланың берген ақ дәмін
Шайтанға қайтып сатасыз.
Түйенің құты бура-ды,
Келесі қысыр қалмаса.
Күнә қайдан шығады,
Жаралып жан болып тумаса.
Әділ деп соны айтыңыз.
Турасын қисық бұрмаса.
Бұйрықсыз бәрі харам-ды
Шариғатқа сыймаса.
Жер тырнадай қор болмас,
Жетекшіден айрылса.
Тұрымтай торғай куа алмас,
Қанаты сынып қайрылса.
Қасақана бітер мал
Қайыры жоқ қабанға.
Айдасаң қиық жүрмейді
Төрт түлігі аманға...
Жақсыны жаман көре алмас,
Тіс тиген соң өзіне.
Шын екен деп иланбаңыз
Жалғаншының сөзіне.
Сырттан ғайбат қылғанша
Айт көзі мен өзіне.
Құдайдан қорыққан мұсылман
Қарауыл қояр сөзіне.
Айтқан жөнге жүрмеген,
Менменсіген зор кеуде
Қиық жүріп кете алмас,
Аспанменен өте алмас,
Алдындағы жолығар
Құдайдың құрған тезіне.
Жігерлі туған жігіттің
Кім қой дейді талабын.
Жалғыз аяқ бар болса,
Кісі үшін дер шалабын.
Атасы топқа кірмеген
Сөзге салмас құлағын.
Құдайдан қорыққан мұсылман
Қонаққа сояр лағын.
Өткен соң қайтып келмейді,
Өлгенге мал ермейді,
Бұ дүниенің шолағы.
Жиырма тоғыз әріптің
Жайын білмек керек дүр.
Төрт жардан1 шыққан би болар,
Ақылы асқан дүр болар.
Мынау бір жалған дүниеде
Малы көп кісі би болар.
Көпке тентек, ез қисық
Қамшыменен и болар.
Ер басына күн туса,
Бұта түбі үй болар,
Ат басына кун туса,
Көксімдегі 2 күй болар.
Көңіл азып, тон тозса,
Берген көйлек кез болар.
Аштықта жасық та болса
Ұдай абзал сол болар.
Мейір кетті пендеден,
Сөйтіп ердің алдынан,
Ақыл сұрасаң азбассың,
Көпті көрген көнеден.
Қасиет кетті төреден,
Ғаділдік кетті билерден,
Абырой кетті әкімнен.
Қайын енесі ас ішпес,
Қабағын түйген келіннен.
Төрт жар шадияр -
Мұхаммедтің төрт серігі.
Көксімдегі көк тулақ, көк сілімтік.
Жалғыз құдай болмаса,
Енді үміт жоқ өзгеден.
Ей, мүһмин, құлшылық қылсаң не етеді?
Ажал болдырмай қуып жетеді.
Мінезге бағым табылмас,
Ғадетіне кетеді.
Тақуада болған ғалымдар
Бұ жалғанда не етеді?
Баяны жоқ шіркінді
Бір күн тастап кетеді.
Дүние, малын сүйгендер
Мінбей, кимей өтеді.
Бір кісі емес, әр кімнің
Басында бар, сөйтеді...
Ақыл - дария білгенге,
Бұ жалған жоқ өлгенге.
Байлықтың алды - иман-ды,
Тәңірім сөйтіп берген-ді.
Жан жоламас жатқанға,
«Ілінер жөргем жүргенге».
Бұ дүние арман емес дүр,
Бір кезек дәурен сүргенге.
Ит жерімес арамнан,
Құдай безер харамнан,
Меһірдан қатты мал бітіп,
Кетпесе мал қораңнан.
Пайда қылсаң залалсыз,
Өзіңе біткен қараңнан.
«Қой, әй!» десең, «не?» дер дүр,
Ақыл айтсаң ақымаққа.
Кенеуі жоқ кейбіреу
Құр зорлайды тақпаққа.
Атаңды сыйла анаңмен,
Мекені іздеп таппаққа.
Ұмытпассың тәубеңді,
Түзу салар соқпаққа:
Түзу жолдан қисайсаң,
Жолығарсың күрзі менен тоқпаққа.
Жерге біткен тау пияз
Жегенмен тамақ болар ма?
Шернеуде жазған несіпке
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×