Тағдырдан қайта-қайта жесем таяқ,
Көремін талайымнан некен-саяқ.
Оңаша оқшау кетіп ой толғаймын,
Құлаққа кірмесін деп бөтен хаят.
Көптің аузы қияңқы, пейілі оғаш,
Жолап кетсең былғайтын күйелі ағаш,
Саяқ кетсем, сайтандар сайраңдаған
Үйірімен үркітер-үйіңе қаш.
Үйге безсем, көңіл ит көше кезіп,
Тереді неше секем, неше сезік.
Үміттің үлбіреген нәзік гүлін
Күдіктің көн табаны кетеді езіп.
Көп жүрген жердің бәрі абыр-сабыр,
Жоламас айқай-шуға иман-сабыр,
Жолығар әулие де киесіне,
Жер жұтса, елден безсе, тапса қабір.
Содан ба екен, жаралған жаратқан хақ
Жұп жуытпай, жап-жалғыз, о бастан тақ.
Көппен жүрсең - көлгірлік көлі жұтар,
Жақ болар жалғыздыққа болса ақиқат.
Шындық тақ, өтірік жұп, айла егіз
Айқұшақ аймаласқан фәнилік із.
Бақиға басың жалқы аттанасың,
Өзіне үқсас жаратқан озалда иеміз.
Тағдырдан қайта-қайта жесем таяқ
- ramuk_b
- 8 қазан 2018
- 2257
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тағдырдан қайта-қайта жесем таяқ өлеңі, Әбіш Кекілбаев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Шыда, шыда
Шыда, шыда Шыдай түс, шыда тағы Шыдамдыны мына өмір ұнатады Үміттің Кұлан иек қула таңы, Әйтеуір бір атады, бір атады......
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек?...
Жан сырымды көрінгенге шертем бе
Жан сырымды көрінгенге шертем бе, Көзім салман серісымақ селтеңге. Осыншама өрттен қалған Еменмін. Түбірінен қайта қаулап өртеңде....
Өкінсең жоқ келері
Өкінсең жоқ келері... Құбылып тұрған қызыл гүл Қураса кетер мәнері. Сабыр қылсаң жетерсің...
Тауық тағы таң атпай айқайлады
Тауық тағы таң атпай айқайлады, Тарап кетті тәтті ұйқы балқаймағы. Көзімді ілмей төсекте дөңбекшимін, Түседі де ойыма қай-қайдағы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.