Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске.
Тағыдай таңдап су ішкен,
Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген
Тағы сынды ер едік,
Тағы да келдік тар жерге.
Таңдансаң тағы болар ма
Тәңірің салған бұл іске?!
Ата-енені сөктіріп,
Ат басына соқтырып,
Нәлет десең болмас па
Осынау біздің жүрген жүріске!
Тар қамау
- ramuk_b
- 8 қазан 2018
- 2224
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тар қамау өлеңі, Махамбет Өтемісұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Естірту
Асқар, асқар, асқар тау, Асқар таудың басына Балапан ұшып шыға алмас. Сұңқардан қыран құс болмас, Соқтасы қатпай аң алмас....Қырында киік жайлаған
...Қырында киік жайлаған, Суында балық ойнаған, Оймауыттай тоғай егіннің Ойына келген асын жейтұғын, Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің....Басы саудың түгел-дүр
Басы саудың түгел-дүр Толған тоғай малы-дүр. Тоқтамай соққан толағай Толастар мезгіл жеткей-дүр. Керегеге ілінген Шабылмаған семсер тұр....Ерліктің символы - Махамбет поэзиясы
Сабақ мақсаты: 1) ақын өмірі, өлеңдерінің тақырыбы, мақсаты, тарихы туралы мәлімет беру, жаңа қырынан таныту, қосымша мәліметтер беру, өлеңге талдау;...Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.