Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Үш бақытым
- ramuk_b
- 3 қыркүйек 2023
- 3985
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Мұқағали Макатаевтың шығармашылығы, өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелдік жалғау – окончание принадлежности
Тәуелдік жалғау – окончание принадлежности...Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім
БҚО, Атырау облысы, Атырау қаласы, №17 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Габдижалел Арайлым Габдижалеловна...Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім
Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім». Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу....Менің Қазақстаным – менің болашағым
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Джумадилова Айгерім Араловна...«Қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі –Мұқағали»
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мақсұтбай Индира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.