Бекмуратова Ұлмекен Боташқызының өлеңдері
- aiboll
- 4 наурыз 2016
- 4556
- 0
Сынып жетекшісі Полатова Айгуль Жамантаевна
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»
2 сынып оқушысы Бекмуратова Ұлмекен Боташқызының алғашқы жыр - жинағы
Білім керек бәріне
Білім керек бәріне,
Балалардың бәріне.
Білімі болмаса егер де,
Жолы болмас өмірде.
Білім керек әрқашан,
Өмір бой бәріне.
Сондықтан да балалар,
Білім алайық бәріміз.
Соның үшін балалар,
Білім керек бәріне.
Тіршілік көзі
Су деген - өмір көзі,
Тіршіліктің нәрі бұл.
Су болмаса оянбайды,
Табиғаттың барлығы.
Болмас еді шөп - шалаң,
Болмас еді тірі жан.
Сол себепті балалар,
Ысырап қылмайық суды.
Менің атам
Қыдырып бардым атама,
Қалыпты атам ауырып.
Мейірімді аташым,
Айтшы маған аташым,
Тиді саған қайсы дерт,
Қорқытайын сол дертті.
Дәруменді ішкізіп,
Сауыққын сен тезірек.
Мен ішкізсем дәрумен,
Жазылшы сен аташым.
Кім жомарт? Не жомарт?
- Кім жомарт?
- Елбасы жомарт
Бар халықты басқарған.
- Не жомарт?
- Ай мен жұлдыз жомарт
Қараңғыдан сақтаған.
- Кім жомарт?
- Ата - ана жомарт
Бар баласын асыраған.
- Не жомарт?
- Көктем жомарт
Табиғатты оятқан.
- Кім жомарт?
- Ұстаз жомарт
Бар шәкіртке мейірім төккен.
Достық
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту қып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Көктем
Бақшаларға гүл егіп,
Жемістерді тереміз.
Дала жасыл түске еніп,
Көктем мезгілі келіпті.