Тагабереген Анардың өлеңдері
- aiboll
- 23 қыркүйек 2019
- 12642
- 0
Жинақтаған: Полатова Айгуль Жамантаевна - бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Мақтаарал ауданы, Игілік ауылы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі.
"Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз білім шыңына"
Оқушылардың тырнақалды өлеңдеріне көз жүгірте отырып, қазақ поэзиясының құлагері І. Жансүгіров, қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз М. Мақатаев сынды жыр - маржанын төгіп, қазақ поэзиясының көшін ілгері бастайтын ақындар қатарынан көрінетіндігіне сенім арттым.
Ұсынылып отырған «Ғылымның сырын ұғына, Шығамыз білім шыңына» атты өлеңдер жинағы бастауыш сынып оқушыларының өз шығармаларынан жасалған. (суреттері тақырыбына сай келтірілген)
Бұл құралда: түрлі тақырыпта шығарылған өлеңдер оқушыларды әдептілікке, мейірімділікке, тазалыққа, адамгершілікке, елін, жерін сүюге баулиды.
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушысы
Тагабереген Анар Қанатқызы
О, құмырсқа, құмырсқа,
Шебер-ақсың жұмысқа
Азық жинап қуысқа,
Қол жаймайсың «туысқа»
ҚҰМЫРСҚА
Кіп - кішкене құмырсқа,
Үйір болып жұмысқа
Өзі кіші болса да,
Қарамайды тұрысқа.
Еңбек етіп әр кез ол,
Шаршамайды жұмыста.
КҮН
Қуат көзі – Күн,
Жылу көзі - Күн.
Тіршіліктің иесі
Қайнап жатқан Күн.
Жарық, жылу бәрі бар,
Осы жарық күнде.
Күн болмаса осы біз,
Жүреміз бе бұл күнде?!
АСТАНА
Астана – бас қалам,
Өзіңмен шаттанам.
Көрікті бола бер,
Әрқашан Астанам.
Көркейіп бас қалам,
Жайнай бер Астанам!
Бәйтерек тұрады,
Алыстан қарасам.
НАН
Нан - өмірдің әні ғой,
Нан - өмірдің сәні ғой.
Нан болмаса бір күн де,
Жүре алмассың өмірде.
БАТА
Жаман болма, жақсы бол,
Адал достың мәні бол.
Парасатты, ақылды,
Жүйрік тілді ақын бол.