Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішінде өзіміздің өлкеде кездесетін дәрілік өсімдіктер

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Игілік ауылы, Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп
4 сынып Пирназарова Дана Камалқызы
Жетекші: Полатова Айгүл Жамантайқызы

Бағыты: гуманитарлық
Ғылыми жобаның тақырыбы: «Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішінде өзіміздің өлкеде кездесетін дәрілік өсімдіктер»

КІРІСПЕ
«Адамзат баласы әсемдікке құштар»
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан - ақ ата - бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып - біліп, оларға ат қойып, жеміс - жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, гүл, тамырларын дәрі - дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер – оттегіні бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім.
Республика территориясынан 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Оның 500 - дейі дәрілік өсімдіктерге жатады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орында тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Мал бағумен ықылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп, ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден – ақ тараған.
Әр облыстың, аймақтың халқы дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін
Өздерінше пайдалануы да мүмкін.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ және тағы басқа түрінде қолданады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылған артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы болады.
Ежелгі қытайлықтарда халықтық медицина жақсы дамыды. Олар өз денсаулықтарына қатты көңіл бөлген. Қытайлық емшілер емдеудің көп түрін меңгеріп, оны өз тәжірибелерінде де қолданып отырды. Олар көптеген емдік қасиеті бар шөптерден дәрі дайындап, адамдарды онымен емдеп отырған.
Әлемдік дәрі - дәрмек рыногына шыққан бірінші қазақстандық дәрі, отандық препарат «Арглабин» болды. Оның авторы – қарағандылық ғалым, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Әдекенов. 2007 жылы оған ғылым және техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген.

АННОТАЦИЯ

Ғылыми жобалық жұмыс Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп мемлекеттік мекемесінің 4 «Ә» сынып оқушысы Пирназарова Дананың «Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішінде өзіміздің өлкемізде кездесетін өсімдіктерді» зерттеу еңбегі болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының территориясынан 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен. Соның ішіндегі 500 - дейі дәрілік өсімдіктерге жатады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орында тұрады.
Зерттеу жұмысының нысаны: Өзіміздің өлкеміздегі бақбақ, түймедақ, жалбыз, жантақ, жолжелкен, шашыратқы, итмұрын, адыраспан шөптерінің пайдалы жағын анықтау болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Өзіміздің өлкеміздегі дәрілік шөптердің қаншалықты пайда келтіретінін анықтау. Тамырын, сабағы мен гүлін қалай пайдалану керектігін ашу. Өсімдіктердің қайнатпасымен, тұнбасымен емдеу жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- дәрілік өсімдіктердің түрлерімен танысу
- дәрілік өсімдіктердің пайдасына тоқталу
- дәрілік өсімдіктерді ішкі ағзаларды, тері ауруларын емдеуге пайдалану.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- шашыратқымен емдеу үшін сабағы мен гүлінен тұнба жасап, тұнбаны жас балалардың үстіне ыстықтық шыққанда шомылдырады.
- жалбыздан жасалатын тұнбалар жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы
- бақбақтың тамырын қайнатып, шай сияқты ішеді. Бұл емді бауырды сауықтыру үшін ішсе болады.
- адыраспанның қайнатпасымен тері ауруларын емдейді.
- итмұрынның тұнбасын ішіп жүрсе, тәбеті ашылады. Тұмаумен ауырмайтын болады.
- түймедақтың гүлдерін 1 стақан суға тұндырып, ауыз қуысын шаяды.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланатын әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жоспары:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
а) Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер.
ә) Дәрілік өсімдіктердің құрылысы мен құрамы.
б) Дәрілік өсімдіктердің пайдасы.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №5

Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №5

1. Жануарлардың көп түрлілігі және маңызы 2. Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 3. Өсімдіктердің көп түрлілігі мен маңызы 4. Бөлме және дәрілік...
Алқа тұқымдастар – кіріккенкүлтелі өсімдіктер

Алқа тұқымдастар – кіріккенкүлтелі өсімдіктер

Алқа тұқымдастарының ғаламшарымызда 2900 - ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастарының жабайы түрлері де көп. Ауа...
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті

Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті

Зерттеу мақсаты. Алоэ өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау....
Айболит және оның достары

Айболит және оның достары

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, № 19 мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...
Дәрілік өсімдіктер

Дәрілік өсімдіктер

Астана қаласы №5 гимназияның биология және география пәнінің мұғалімі Құрманқұлов Марат Сағынтайұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×