Ғылыми жобаның мақсаты:
Жезқазған аймағының экологиялық жағдайын, экологиялық проблемаларын толық түсіне алатын, теориялық білім алып қана қоймай ол проблемаларды іс жүзінде қолданып шеше алуға үйрету.
Ғылыми жобаның міндеттері:
1. Негізгі қосымша материалдармен жұмыс істей алуға үйрету.
2. Оқу танымдық әрекетке дұрыс басшылық жасау.
3. Дәйектерді, деректер мен мәтіндерді ой елегінен өткізу.
Ғылыми жобаның өзектілігі:
Қазіргі уақытта экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, Жезқазған аймағында болып жатқан экологиялық проблемалардың алдын алу.
Ғылыми жобаның болжамы:
Егер оқушы «Жезқазған аймағының экологиялық проблемалары» тақырыбындағы ғылыми - шығармашылық жұмыспен айналысса, онда өз өлкесінің тарихи - географиялық жағдайын толық меңгерген, өз жеріне жаны ашитын азамат, келешек эколог - өлкетанушы мамандық иесі тәрбиеленіп шығады.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.