Мақсаты:
2017 жылы еліміздің бас қаласы - Астанада өтетін Бүкіләлемдік EXPO 2017 Болашақ энергиясын көрсететіне жас ғалым ретінде өз үлесімді қосу.
Міндеттері:
1. Жаңа үлгідегі мектеп макетін дайындау.
2. Электр қуатын үндейтін дәлелдеу.
3. Еліміздің өркендеуіне жас ғалым ретінде өз үлесімді қосу.
Болжамы:
Егер, болашақта энергияның балама түрлерін пайдаланатын мектеп ғимараты салынатын болса, онда мұндай мектепте оқитын оқушылардың көңіл - күйі көтеріңкі, денсаулығы мықты, білім алу мүмкіндігі артар еді.
Күтілетін нәтиже:
Электр қуаты үнемделіп, табиғаттың тылсым күштері пайдаға асатын болады.
Кіріспе.
Енді санаулы күндерде Астана ЭКСПО - 2017 көрме кешені бой көтермек. Парижге Эйфель мұнарасын, Лондонға - Хрусталь сарайын сыйлаған ЭКСПО Бүкіләлемдік көрмесінің 2017 жылы Астанада айшықты символы тұру керек. Астана EXPO орталығы тұтастай үлкен биоклиматтық күмбездің астында орналасатын жалпы ауданы шамамен 25 га болатын әлемдегі ең ірі қалашық болмақ.
Негізгі бөлім.
Қазіргі кезде әлемде энергияның тапшылығы айрықша сезілуде. Электр қуаты шикізатының азайып жатқандығы әлем халқын алаңдатып отыр. Адамзат бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіре бастағанына біраз жылдың осы бір өзекті проблеманың дәлелі 2017 жылы елімізден бас қаласы – Астанада өтетін EXPO - 2017 көрмесі негізінде “Болашақ энергиясы” тақырыбының алынуы болмақ. Ғалымдар дерегі бойынша 35 жылдан кейін жер қойнауында табиғи мұнай қоры толық таусылады деген болжам бар. Сондықтан ғалымдар энергияның балама көздерін іздестіруде. Енді адамзат жарықты күннен, өкпек желден, тасқын судан энергия қуатын өндіруге көшеді. “Болашақтың энергиясы” атты бастамасы адамзат болашағына деген толғаныстан туындаған болатын.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.