Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақтың байырғы өлшем бірліктері

Қазақтың байырғы өлшем бірліктері
Құлаш иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі, бір құлаш шамамен 166 – 170 см немесе 1 құлаш = 8 қарыс. Құлаш сауда саттық жұмысында, тұрмыста сондай - ақ салықты өтеу кезінде пайдаланылған. Құлаштың сала, кере, көш құлаш атты түрлері бар.
Аршын көне түрік заманында қолданылған ұзындық бірлігі. Ол кездегі мәні белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда XVI ғ. бастап бір аршын шамамен 71, 12см - ге тең ұзындық өлшемі ретінде қолданылған. Парсы тілінен енген бұл өлшемнің бастапқы дәл мағынасы шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі аралық. Кейбір деректерде қан аршыны деген атпен аталып, саусақтың ұшына дейінгі аралыққа тең өлшем деп те атайды.
Кез байырғы деректерде аршын мен мағыналас айтылады.
1 кез =62 - 71. 12см
Көш жер ұзындық өлшемі. Олар түрлі мағына береді.
Мәселен: Қозы көш жер орта есеппен=14, 5км
Күзгі көш жер орта есеппен=25, 5км
Орта көш жер шамамен = 90км
1 шақырым = 1 км
Қарыс толық жазғандағы бас бармақ пен ортаңғы саусақтың ұштарының арасына тең ұзындық бірлігі. Ол қолдағы саусақтың үлкен кішілігіне байланысты, шамамен 19 - 21 см, болады. Тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Киіз үйдің уығы 12 - 16 қарыс мөлшерінде жасалады.
Тұтам бүгілген төрт саусақ пен алақан арасындағы қуыстың ұзындығына тең өлшем. 1тұтамшамамен 8 - 8, 5см - ге тең.
Сүйем =18см. Сынық сүйем бас бармақ пен сұқ саусақтың екінші буынына дейінгі керілген аралық, шамамен 13 - 16см.
Ат шаптырым шамамен = 30км
Тай шаптырым шамамен = 15км
Арқан бойы шамамен=7 - 8м шамасында
Қадам адам адымына тең ұзындық бірлігі. 1 қадам шаммен 60 - 70 см болады.
Шынтақ қолдық ортаңғы саусағының ұшынан шынтақтың бүгілген жеріне дейінгі аралық. Қазақстанда кең тараған Бұхар шынтағы шамамен 40 - 41 см.
Қолдың қары немесе қары кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы ұшына дейінгі аралыққа тең ұзындық бірлігі, шамамен 80 - 85см. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та қарсы ретінде пайдаланылады. Ол 1м шамасына болады.
Уақыт өлшем бірліктері:
1 тәулік (сөтке) = 24сағат
Тал түс түскі сағат 12 дәл
Сиыр түс сағат 9 – 10 мөлшері.
1 мүшел жыл 12жыл
1 ғасыр 100 жыл
Аудан өлшем бірліктері: қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер мөлшерін өлшеуге пайдаланылған бірліктерінің ішінен ең көп қолданылғандары танап және тепе
Танап - Қазақстанның суармалы аудандарында 1 танап=1820, 23шаршы метрге тең деп қолданылады.
Тепе - байырғы аудан бірлігі, Қазақстанда ол шамамен екі шаршы шақырымға тең. Қазақта ат басындай алтын, тайтұяқ алтын деген, алтынға байланысты да өлшем бірліктері бар. Бұлардың шамасының қаншалықты екені зерттеуді қажет етеді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халық өлшемдері

Халық өлшемдері

Әлбетте, халық өлшемдері ұлт мәдениеті һәм этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық...
Ұзындық өлшем бірліктері. Километр

Ұзындық өлшем бірліктері. Километр

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларды ұзындықтың жаңа өлшемдерімен - миллиметрмен, километрмен таныстыру; миллиметрге дейінгі дәлдікпен өлшеуге...
Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері

Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері

Ақмола облысы, Степногорск қаласы №1 Ақсу орта мектебінің 7 – сынып оқушысы Темірбай Нұрым Жетекші: математика пәні мұғалімі Жумаева Айнур...
Уақыт және оның өлшем бірліктері

Уақыт және оның өлшем бірліктері

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Прназарова Альфия Асқарқызы...
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр

Ұзындықты өлшеу. Миллиметр

Ұлттық өлшемдер: Елі - саусақтың көлденең қалыңдығы Сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем Құлаш - иық деңгейінде кере созылған екі қол...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×