Сайтқа кіру Тіркелу

Сүт өнімдері

Мазмұны
Кіріспе
Мақсаты
Сүттің құрамы
Сүт өнімдері
Сүт өнімдерінің құрамы, пайдасы
Қорытынды

Сиырыңды сырттатпа
Сауып ішсең мың күндік,
Сойып жесең бір күндік.
Тыйым сөздер
Ақты төкпе.
Ақ төгілген жерді баспа (малдың желіні іседі).

Мақсаты:
Сүттің құрамын, сүт өнімдерінің адам денсаулығына пайдасын зерттеу

Сүттің құрамы
Сүт - бұл қазақ халқынын ежелден келген тағамының бір түрі. Сүт сиырдан алатынылатынын барлығы біледі.
Мал сүтінің құрамы 100 - ден аса қосылыстардан түзілген әр түрлі заттардан тұрады. Сүтте 30 - ға тарта май қышқылдары, сүт белогы, адам мен жануарлар ағзасына қажетті барлық амин қышқылдары, 50 - ден аса макро және микроэлементтер, 40 - қа тарта витамин, ферменттер көптеп кездеседі.
Қазақ тілінде сүтті басқаша "Ақ" деп атайды."Ақты төкпе " деп бекер айтпайды. Сүттен әр түрлі тағамдар алынады. Мысалы: май, қымыз т. б. Сүт өте қадірлі сусын. Адам өмірге келген кезінен - ақ сүтпен тағамданады. Сондықтан сүтті құрметтеу керек.
Сүт өнімдері: Айран Құрт, Қаймақ, Ірімшік, май

Сүт өнімдерінің құрамы, пайдасы
Сүттен жасалатын өнімдер адам өміріне, денсаулығына өте зор ықпалын тигізеді.
Әр малдың сүтін әр ауруға емдік қасиеті бар. Мысалы түйенің сүтінен шұбат жасаса, жылқының сүтінен қымыз жасайды. Олардың өзіндік емдік қасиеттері бар.
Сиырдың сүтінің құрамында – барлық витаминдердің тұрақты көзі. Сүт әсіресе майда еритін витаминдерге (А, Д, Е және К) бай екенін атап кетсе болады, ол адам ағзасына өте пайдалы болып есептеледі.
Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.
Ғалымдар шұбатпен өкпе құрты, бауыр ауруларын, холециститті, өт жолдарының бітеліп қалуын емдеуге болады дегенді айтады.

Қорытынды
Біздің халық сүтті қатты қадірлеген. Айталық, “ақты баспа” дейді. Ақ дегеніміз не? Бұл – сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат… Осының барлығы ақтың құрамына кіреді. Өйткені ол – сүт. Мал өзінің төлін алғашқыда сүтімен асырайды. Адам баласы анасының сүтімен жетілетін болса, малдың төлі де – сол, өзінің енесінің ақ сүтімен жетіледі. Мал да өзінің ұрпағын сүтімен өсіреді. Оның үстіне біздің қазақ төрт түлік малдың қадірін жан - жақты білген, өзінің өміріне тірек еткен

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×