Сайтқа кіру Тіркелу

3 санының құпиясы

Ғылыми жобаның зерттеу мақсаты:
- Үш санының сиқырлы сырын аша отырып, ата - бабаларымыздың үш саны туралы таным - түсінігін айқындау. Сол үш санының ерекшелігін, әр салады әртүрлі қолдануды түсінуге тырыса отырып, топтастыру түрлерін жинап, таныстыруды, өзімше түсінуге ден қойдым.
- Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт - дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар туралы ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау.
Өзектілігі: Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өшпейді. Халық ойын түсініп, ата - бабадан келе жатқан қасиетті сандарға үңіліп, құпиясын аша білу.
Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер:
- киелі сандарды зерттеген еңбектерді оқып, талдау;
- жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;
- маңыздылығын анықтау;
- электронды нұсқасын әзірлеу.
– қасиетті сандармен танысу.
– қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру.
Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу.
Зерттелетін зат: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалану, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда пайдасы бар екенін зерттеу.

«Әр сан өзіндік ерекшелікке ие»
(Пифагор)
І. Кіріспе
Математика – ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Заттарды санаудан 1, 2, 3, 4, 5, … т. с. с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан. «Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады». Кез келген натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге болады. Сандарды осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады. Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д. 2 мың жылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар 1 мен 0 - ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1 - ден 9 - ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен. Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән - мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан.
Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән - мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады.
Біреудің бақытты саны - 13, бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13 - і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9 - ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9 - дан үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары, тұрақты көршіміз - орыстардың «қасиетті үштігі», америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13 - дегі жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады. Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз - әңгімелерде, жыр - дастандарда, салт - дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×