Міне, осындай жердің көркі болып тұрған нулы орман біздің өлкеміздің 11, 9 пайызын алып жатыр.
Мұнда жасыл қылқанды орман таралған. Орман аумағының төменгі белдеуінде жапырықты және аралас орман орналасқан.
Жеріміздегі орман негізінен қарағайлы болғандықтан бұған тән жануарлар: өте сүйкімді әрі кішкентай аң - тиіннің, аю мен қасқырдың, елік пен маралдың, борсық пен сілеусіннің, құр мен қарақұтанның, көкек пен бұлбұлдың тағы басқа да 60 - қа жуық аң - құстардың құтты мекені.
Бұл өңір орман іші болғандықтан шөпке де бай. Шатырын жайған аққұлақ, қою көк түсті құртқашаш, түсі жалындай қызғылт сары, бұтағы қалың, биік убалдырған мен лалагүл, көкгүл, алқызыл ірі гүлді таушымылдық – мұның бәрі еркін өскен.
Орман – адамзаттың баға жетпес байлығы, қамқоршысы.
Өйткені, бір ағаш тәулігіне бір адамға жететін оттегін бөледі.
Шырша тәулігіне 970 кг оттегін бөліп шығарып, 500 жыл өмір сүреді.
Балқарағай тәулігіне 940 кг оттегін бөліп шығарып, 850 жыл өмір сүреді.
Қайың тәулігіне 540 кг оттегін бөліп шығарып, 150 жыл өмір сүреді.
Көк терек тәулігіне 680 кг оттегін бөліп шығарып, 100 жыл өмір сүреді.
2. 2. Мынау шыршалы орман.
Іші қаракөлеңке. Айнала кілемдей төгілген қылқан жапырақтар. Шөп - шалғандар да, бұталар да аз. Оқта - текте шымшықтардың шықылықтағаны, тоқылдақтардың ағашты соққылағаны естіледі. Кейде жаңғақ іздеп ағаштан - ағашқа секірген тиіннің көлеңкесі көлбең ете қалады. Тиіндер мен тоқылдақтар қатты жаңғақтарды оп - оңай шағып жейді. Олар үшін шырша дәнінен дәмді тағам жоқ.
2. 3. Қарағайлы орман.
Еліміздегі көп алқапты алып жатқан – қарағайлы орман. Іші жарық та құрғақ. Табан асты қалың мүк. Мұндай орманда жеміс - жидектер де көп - қарамық, итбүлдірген сыңсып тұрады. Мұндай жеміс өскен жерде құр, меңіреуқұр болады.
2. 4. Аралас орман.
Бұл – аралас орман. Қайың мен қарағай, шырша мен қарағай, шырша мен бозтерек қатар, аралас өсіп тұра береді. Мұнда жөке ағашы да, емен де үйеңкі де кездеседі. Алуан түрлі бұталар, шөптер мен гүлдер де мол. Сан алуан құстардың қосылып салған әніне құлақ құршың қанады.
Ағаш алуан түрлі ғой, сол себепті орман да алуан түрлі.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.