Ана туралы
Менің анамның аты Шынар. Анам бөпе туды. Анам гүлді жақсы көреді. Анам жақсы адам. Мен анама көмектесемін. Анамның жасы 35 - те анама тамақ істеуге көмектесемін. Анамның сүті тәтті. Анам тамақты дәмді қылып істейді.
Атам
Менің атам бар. Былтыр атам 60 жасқа толды. Жанұямызбен тойладық. Атам жұмыс істейді. Атам тың адам. Немерелерін жақсы көреді.
Нағашы ата
Менің нағашы атам бар. Мен нағашы атамды жақсы көремін. Атамның аты Теңізбай. Атамның немерелері көп. Біз жиендер анда - санда нағашы атамның үйіне қыдырып барып тұрамыз. Нағашы атам мұнай саласында жұмыс істейді.
Қоян
Қоянды суретте көргенім болмаса, тірі күйінде көргенім жоқ. Анам айтып отырды, мен жаздым. Қоян қыста ақ түсті, көктемде қоңыр түсті болады. Қоянға сәбіз, шөп беріп өсіреді. Қоян үш ай сайын көжектейді. Баласын көжек деп атайды. Тез көбейетін үй жануары. Өскенде жер үй салып, қоян асыраймын.
Менің досым
Менің достарымның аты - Інжу мен Сымбат. Інжу, Сымбат және мен бір мектепте оқимыз, әрі көрші тұрамыз. Бір - біріміздің сабағымызға көмектесеміз. Сымбат екеуміз балабақшаға інімізді бірге апарып, алып қайтамыз. Біз бір - бірімізбен татумыз. Ұрыспауға тырысамыз.
Кім болам?
Өскенде кім болам? Ойланып жүрмін. Алдымен сабақты жақсы оқу керек. Содан кейін ойлану керек. Дәрігер болсам ба екен? Адамдарды емдеймін. Қолымнан келген көмекті аямаймын. Адамдардан алғыс алсам болды.
Отбасы
Біздің отбасымыз үлкен 9 жан тұрамыз. Атам жұмыс істейді. Әжем зейнеткер, анам бөпемен үйде. Әкем – мұнайшы. Тату - тәтті тұрамыз. Мен үйдегілерге қолғабыс етемін. Әжеммен бірге дүкенді аралаймыз, ағам екеуміз сабақ оқимыз. Ініме де көңіл бөліп, анама көмектесемін
Кенже апай
Кенже апай, сізді өте жақсы көремін. Сіз бізге білім үйреттіңіз. Сіздің мейрамыңызбен құттықтаймын. Сіз өте жақсы апайсыз, сіз ауырмаңыз. Сіздің оқушыңыз Қожабек Аружан
Ұстазыма
Ұстазыммен мақтанам
Әрбір ісі үлгілі.
Біздің апай шынында,
Мұғалімнің білгірі.
Өзі ұстазым сияқты
Алғаш әріп танытқан.
Ұстаз болсам өскенде
Бата алам халықтан.
Өтірік өлең
Кең дала көк жайлау,
Отыр едім ойланып.
Келді қоңыз қасыма,
Мініп алдым артына.
Қоян шапты еліктей,
Қуып кеттім ізіне
Асықпаған жақыннан дорбалайды,
Қоңыз алды қоянды.
Әңгімелеу
Былтыр мен інім туылды. Өзі кішкентай, нәп - нәзік. Қолға ұстауға қорқатынбыз. Күнде әжем жаттығу жасап, жуындырады. Бесікке бөлеп, анам тербетеді. Інімнің қылықтары күннен күнге тәтті болып барады.
Аққу
Аққу киелі құс. Оның түсі аппақ. Ол суда жүзеді. Аққу - көлдің еркесі. Аққу - әдеміліктің белгісі. Каспий теңізінің жағасында аққулар көп болады. «Аққуды атпа, досыңды сатпа» деген мақал бар
Ана
Ана бізді дүниеге әкелді. Мәпелеп өсірді. Барды алдымызға тосты. Ауырып қалсақ бәйек болып асты – үстімізге түседі. Ананың жүрегін ауыртпауға тырысамыз, сондықтан жақсы білім алып, азамат болу. Ананы жырламаған ақын, әнге қоспаған сазгер, әңгіме жазбаған жазушы жоқ шығар. Ананың ақ сүтін ақтау керек.
Тоғыз ай мені көтеріп,
Әкелдің мені өмірге.
Ауырып қалсам суықтан,
Егуге неге бермедің.
Ана деп бар ақындар
Жыр арнаған
Бар азаматтың жүрегі
Өлең арнаймын шын жүректен
Кім болам?
Мен өскенде дәрігер болуды армандаймын. Өйткені дәрігер науқас адамдарды емдейді. Менің көкем дәрігер. Ол қаншама адамды емдеп, алғыс алған. Дәрігер болу үшін жақсы оқу керек. Сондықтан мен де жақсы білім алуға тырысып жүрмін.
Бал арасы
Өзен жағалай қатар – қатар жәшіктер тұр. Жағасы гүлге аралас. Омарташы ағай бетін тормен бүркеген. Бал арасына бала түгіл үлкендер де тамсанған.
Нағашы ата
Нағашы атам ауылда тұрады. Атам 76 жаста. Ол намаз оқиды. Атамның сақалы аппақ. Ол тақия киеді. Мен ауылға барғанда үлкен қыз бол деп ақ батасын береді.
Күз
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Күзде дала салқын болады. Ағаштың жапырағы сарғая бастайды. Күзде жемістер, көкөністер піседі. Күз түссе, күн жиі бұлттанады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде біз сабаққа барамыз.
Әже
Әжем биыл 60 жасқа толады. Былтыр қорғаныс саласында жұмыс істеп, зейнетке шықты. Әжемнің 3 баласы, 5 немересі бар. Әжем ертегі, әңгімелер айтып отырады. Қолынан іс тігу, көрпешелер тігеді. Зейнетақысын алған кезде түрлі тәттілер әкеледі. Жұмсауға ақша беріп тұрады.
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін, әндерін
Асыл әжем, ақ әжем
Өмір үшін нәр берген.
Сәлем хат
Әке жағдайыңыз қалай! Денсаулығыңыз жақсы ма? Жұмысыңыз тыныш па? Аяқ – қолыңыз тоңып жүрген жоқ па? Ауа райы қалай? Ал, бізге келмек болсаңыз, жағдайымыз жақсы. Ұлан екеуміз сабаққа барып жүрміз. Атам жұмыста. Әжеммен анам үйде. Мұхамеджан шауып ойнап жүр. Ағаларым сабақта. Бір жағынан жұмыс істеп жүр. Анам бір апта болды Ұлан екеумізді домбыра, таэквондо үйірмесі қызық, әке онда жүгіртеді, секіртеді, доппен ойнатады, әр түрлі әдістері бар екен. Әке қашан келесіз? Сізді сағындық. Сау болыңыз. Қызыңыз Аружан
Қожабек Аружанның өлеңдері, шығармалары
- загира
- 4 мам 2014
- 8844
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қожабек Аружанның өлеңдері, шығармалары
Ұқсас жаңалықтар:
Өтірік өлең
Айда жүрген тауықты, Менің анам сауыпты. Сүтін оның қымыз ғып, Айран да жасап алыпты....Менің әжем
Әр бала үшін қашанда әженің орны ерекше. Мен әжемді өте қатты жақсы көремін. Қуансам әрдайым қасымнан табылатын, шаршасам сүйеу болар әжетайым менің...Менің анам
Менің анамның есімі Тілектес. Менің анам өте мейірімді, ақылды, сыпайы, жақсы адам. Мен анамды өте - өте жақсы көремін. Менің анам әрдайым сабақ...Ашық сабақ "Менің отбасым" 4 сынып
Сабақтың мақсаты: Отбасы тақырыбына байланысты сөздік қорларын молайту. Сабақтың міндеттері: • Тәуелдік жалғауды бекіту....Туған ауылым
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңқияқ орта мектебі 1"а"сынып оқушысы Аққу Назерке Асылбекқызы Мұғалімі: Турмагамбетова Акслу Жеткеровна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.