Табиғатым
Табиғатым тал бесігім,
Сені аялап мен өсемін.
Сенің берген мейіріміңе
Мен әрқашан бас иемін.
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты қорғаймын,
Жаман бала болмаймын.
Далаң қандай жайнаған
Гүлің қандай құлпырған.
Құстарың бақта сайраған,
Бақыттымын мен балаң.
Шығарма
«Менің ауылымның табиғаты»
Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.
Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.
Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.
Табиғатым
- Aksylu
- 19 сәуір 2014
- 18932
- 0
- 40
Ілмек сөздер: өлең, шығарма, табиғатым, оқушы шығармашылығы
Ұқсас жаңалықтар:
Табиғатты аялайық (шығарма)
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз....Табиғаттың таңғажайып әлемі
Мақсаты: Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау, табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету. Табиғатты сүюге, аялауға,...Туған ауылым
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңқияқ орта мектебі 1"а"сынып оқушысы Аққу Назерке Асылбекқызы Мұғалімі: Турмагамбетова Акслу Жеткеровна...Туған ауылым шығарма
Менің ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет! Мен ауылым туралы айтып жырлығым да, әндеткім де келеді. Мен - Қуанышбек Құндыз, 2 - класс...Біз - табиғат қорғаны (топ-серуен сабақ)
"Біз - табиғат қорғаны" (топ-серуен сабақ) Мақсаты: Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.