Наурыз бата
Наурыз бата - Наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға тағы басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді.
Мысалы: Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың - оңға, қызың - қырға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!
Айың тусын оңыңнан,
Жұлдызың тусын солыңнан!
Бақ берсін, қыдыр дарысын!
Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Және наурызда алған батаның орны бөлек болады.
Наурыз көже - Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерін жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.
Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
Наурыз төл - Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.
Наурызша - Наурыз айында жұп - жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны қазақ наурызша деп атайды.
Құттымұрат Рамазан
"Сымбат" жеке мектебі
1 сынып оқушысы
Наурыз бата
- Нуршат
- 11 наурыз 2019
- 20048
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Наурыз бата, бата Наурыз мерекесіне арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз дәстүрлері туралы
Наурыз — ежелгі мәдениетті дамыған елдің бірі Парсының “нау” – жана. “руз” — күн, яғни, жаңа күн деген сөзінен шыққан....Наурызнама
Әлқисса, Наурыз – Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын Шығыс халықтарында жыл басы...Наурыз көженің жасалу жолы
Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады....Сәкен Сейфуллин «Наурыз» өлеңі
Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – адамдардың бір - біріне тілек білдіретін күні Наурыз – ренжігендер татуласатын күн...Қош келдің, Әз-Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.