Сайтқа кіру Тіркелу

Тұщыбектегі терең сыр...

Тұщыбектегі терең сыр...

Маңғыстау - тарихи құндылықтар мекені. Олай дейтініміз, өңірде ата - бабаларымыз тұрғызған, өмір сүрген орындар айтарлықтай көп. Мұндай орындарға колхозшылар мекені болған Шерқаланы, Ұлы Жібек жолының бойындағы Қызылқаланы жатқызуға болады. Бұл орындар қазірде өз маңызын жойған жоқ. Ешқандай сынын кетірмей дәл сол күйінде сақталған.
Маңғыстау өңірінде қазірге дейін сақталған, алайда жұрт біле бермейтін мекендер аз емес. Соның бірі - Маңғыстаудағы "Қызылтаң, Тұщыбек" өңірінде орналасқан алғашқы колхозшылардың баспанасы. Жұрт арасында Серікбайдың сары тас үйі деп аталып кеткен. Мекеннің атауынан - ақ бұл үйді кім тұрғызғанын білуге болады. Бұл үй сонау ашаршылық заманында өзінің отбасын аман сақтап қалу үшін Серікбай атамыздың 1933 - 1935 жылдары ерінбестен қашап салған үйі. Серікбай атамыз үйді өзінің 4 тумаласына арнап салған. Үйдің қабырғаларынан шам, кітап қоюға арналған шағын сөрелік орындар жасалған. Өкініштісі қазіргі ғылым, қазіргі өлке елі үшін, жері үшін ашаршылық жылдарда да, от жылдарда да, жан аямай еңбектенген халық ардақтысын біле бермейді. Тұлғаны зерттеп жүрген жан жоқтың қасы. Сондықтан біздің мақсат өңірлік қана емес, республика деңгейінде қиын - қыстау заманда жанын аямай, халқы үшін нәтижелі еңбектенген – Серікбай Ермекұлының атын жарыққа шығару. Көзі тірісінде көрмеген құрметті, аруағына бағыштау.
Тұлғаны зерттеу барысында ұққанымыз, Серікбай Ерманұлы бағындармаған белес жоқ. Облысымыздың құрметті тұлғасыатағын абыроймен еңсерген. Оның қолтаңбасы сол жылдардағы барлық салада бар, ал адал көңілі барлық жүректерді жаулады. Серікбай Ерманұлы «Халыққа кеткен уақытым құр кетпейді, ол мені өсіреді, тәрбиелейді» деген ұстаныммен өмір сүрген өңіріміздің асылында республикамыздың ардақты азаматы, нар тұлғасы екені айдан анық. Ол – ардақты әке, Ол – дана халық жанашыры, Ол – тағылымды тұлға. Оның жүріп өткен сара жолында, өнеге мен өмірлік тәрбие бар. Оның тағдыр жолында әліде ашылмаған сырлар бар. Оның көңілі қазақтың дархан жеріндей кең, жүрегі қазақ халқының пейіліндей ақ...

Авторлары: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Қызылтөбе лицейінің 7 - сынып оқушысы Муханадин Ақмаржан
тарих пәні мұғалімі Алданазарова Зәуреш

Ізденіс жұмыстары
Тұщыбектегі терең сыр...
Тұщыбекке саяхат!
Тұщыбектегі терең сыр...
Серікбайдың сары тас үйінің ішкі көрінісі
Тұщыбектегі терең сыр...
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×