Ғылыми жоба
Тақырыбы: Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері
Бағыты: жаратылыстану - ғылыми;
Секциясы: медициналық
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім 2. 1. Алоэ өсімдігінің сипаттамасы
2. 2. Алоэ өсімдігін зерттеу жұмысын қолдана отырып, емдік қасиеттерін анықтау.
ІІІ. Қорытынды
ІУ. Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыбы: Алоэның емдік қасиеті.
Зерттеудің мақсаты: Туған өлкеде өсетін алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау.
Зерттеудің міндеттері: Туған өлкеде өсетін және бөлме өсімдігі алоэні зерттей отырып, оның адам, қоғам өміріндегі маңызын ашу. Бұл өсімдіктердің таптырмайтын емдік көзі екенін дәлелдеу. Олардың өсетін жерлерін, өсу ерекшеліктерін анықтап, қоршаған ортаны таныту, олардың адам өмірінің арашасы екеніне көз жеткізу.
Зерттеудің өзектілігі: Туған жерде өсетін дәрілік өсімдіктердің құпиясын Аша, зерттей отырып, адамзат қауымын өзін қоршаған табиғат аясын
қорғауға және оны аялай білуге шақыру. Табиғат әлемінің адамдарға берер нәрі мол екеніне көз жеткізу.
Аннотация
«Өсімдіктердің емдік қасиеттері» атты бұл зерттеу жұмысын таңдап, зерттей бастағаныма бір жылдан асты. Сынып жетекшім мен ата анамның көмектесуінің арқасында көптеген іс шаралар атқарылды.
Зерттеудің алғашқы баспалдағы жалпы дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жинақтаудан басталды. Осы мақсатта мектеп, аудан кітапханаларын үздіксіз аралап, дәрілік өсімдіктер туралы деректер жинақталды. Сонымен қатар, аудандық аурухана қызметкерлерімен және халық емшілерімен жиі жүргізілген сұхбаттар оң нәтиже бере бастады.
Зерттеудің келесі сатысында жинақтаған деректерге сүйене отырып жасалған жұмыс өз нәтижелерін бере бастады. Зерттеу барысында бұл өсімдік туралы көптеген деректер жинақталып, жұмыс алға жылжыды. Бос кездің бәрінде бөлме өсімдіктерін өсіріп, баптап, күттім. Өсіріп ғана қоймай олардың ауырғанда қандай мүшесін, қандай ауруға қолдануға болатынын зерттеп білдім.
Зерттеу жұмысы көп оқуды, білуді талап етті. Өзім зерттеп жүрген дәрілік өсімдіктердің, атап айтсақ алоэның қаншама шипасы бар екеніне көзім жетті.
Осы дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, мектеп жасындағы балалар және жас сәбилер жиренбей іше алатын, түрлі дәмдеуіштер қосылған, дәмі жағымды дәрілер жасалса нұр үстіне, нұр болар еді.
Зерттеу жұмыстарының оң нәтижелерін көре отырып мынадай ұсыныстарды алға міндет етіп қойғым келеді:
— Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарында мамандар немесе мұғалімдер топ серуендер ұйымдастырса;
— мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш берілсе;
— тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса;
— дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар жиренбей іше алатын түрлі — түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса;
Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай білейік!
Орындаушы: Қапазбек Азиза Серікболқызы
2 «В» сынып білім алушысы
Жетекшісі: Амрина Маржан Бейсеновна
Бастауыш сынып мұғалімі
Ғылыми жобаның толық нұсқасын жүктеп алу
Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері
- ramuk_b
- 12 қараша 2022
- 1571
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алоэ өсімдігі, ғылыми жоба емдік қасиеттері, зерттеудің міндеттері
Ұқсас жаңалықтар:
Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №5
1. Жануарлардың көп түрлілігі және маңызы 2. Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 3. Өсімдіктердің көп түрлілігі мен маңызы 4. Бөлме және дәрілік...Бөлме өсімдіктері. Алоэ және аспидистра.
Алоэ және аспидистра өсімдіктерінің құрылысымен таныстыра отырып, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруге үйрету. Өсімдіктің өсуіне жарық, ылғал,...Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішінде өзіміздің өлкеде кездесетін ...
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы, Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп 4 сынып Пирназарова Дана Камалқызы Жетекші:...Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті
Зерттеу мақсаты. Алоэ өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау....Алтын мұртша өсімдігі
Бөлме өсімдігі ретінде каллизияны 100 жылдан бері өсіріп келеді. Бұл өсімдік бойының ұзындығы 10метр. Тіке және көлбей түрінде өседі. Бастапқы өскіні...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.