Жұлдызды қолмен көрсетсе, қолға сүйел шығады деген ырым бар.
- Күннің күркірегенін алғаш естіген адам бір темірді алып, ауырған жеріне тигізсе, ауру жазылады немесе арқасын қабырғаға үйкесе, ауру - сырқау жоламайды.
- Найзағай ойнап, жауын жауғаннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүрсе, адам ауырмайды немесе бұрынғы ауруынан айығады.
- Жаңа ай туғанда түскен келіншек баланы көп туады.
- Екі жас үйленген түні жұлдыз көп болса, олардың ұрпақтары да көп болады.
- Күн алғаш күркірегенде тілеген тілек қабыл болады.
- Жазғытұры күн алғаш күркірегенде: «Мал желіні сау болсын, сүт мол болсын!» - деп, шөмішпен ақ алып шығып, жабыққа жағады, босағаға төгеді.
- Біреудің үйі өртенсе, арты жақсылық болады деп ырымдайды.
- Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.
- Ауыл жанындағы суда жүрген құсты атуға, үркітуге болмайды.
- Балапан шығарған құсты атпайды.
- Далада, жолда тұрған жалғыз ағашты кеспейді. Ол қыста белгі, жазда пана ретінде сақталған.
- Буаз, төл ерткен аңды атпайды.
- Жаңа өсіп келе жатқан көкті жұлмайды. «Көктей солғыр» деген қарғыс осындайдан шыққан.
- Күн күркіремей суға түспейді, дала жуасын жемейді.
- Отпен ойнамайды, отқа түкірмейді, отты аттамайды.
- Құдыққа түкірмейді, маңайын ластамайды, жанына дәретке отырмайды.
- Күлді баспайды, үй жанына төкпейді.
- Жар басына, суға өте жақын жерге үй тікпейді.
- Күнге, айға қолын шошайтпайды.
- Құмырсқаның илеуін, құстың ұясын бұзбайды. Құмырсқаның илеуін басқан әйел бала көтермейді деген қағида бар.
- Жол үстінде көлік доғармайды, жол үстіне қонбайды, дәретке отырмайды.
- Ағашты, өсімдікті сәрсенбі күні отырғызады.
Табиғат туралы ырымдар
- ramuk_b
- 17 сәуір 2019
- 2392
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Табиғат туралы ырымдар, ырымдар, ырым, тиым, әдеп
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңбыр туралы мақал-мәтелдер
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз. Сәуір болмай жауын болмас, Жауын болмай тәуір болмас....Құстар
Алманы қарға шоқиды, Көкқұтан кітап оқиды. Ұшып кеп ағаш басына, Ала сауысқан қоқиды....Қазақ халқының тыйым сөздері
Қазақ халқы ұл – қыздарының бойындағы кейбір оғаш қылықтарын бетіне басып, жүгенсіздікті тыйымдармен тәртіпке салып отырған...Қазақ халқының ауа райын болжауы
Қазақтардың ауа райын болжаудағы, халық даналығын жадына ұстаған ата - бабаларымыз қалыптастырған, қағидалары һәм тәсілдеріне аз - кем тоқталуды...Ауа райын болжау хақында
Әлбетте, халқымыз табиғат тылсымын бағзы заманнан - ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс - тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген. Солардың бірі халықтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.