Сайтқа кіру Тіркелу

Қайың ағашы

Қайың — сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Дегенмен аса кәрі қайыңның ауыр бұтақтары мәжнүн талдай төгіліп тұрады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке - дара өседі, бірақ көп ретте олар орман болып тұрады. Жазғы жап - жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы - ол бір ғажайып сурет!

Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, яғни жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері қарапайым сырға тәріздес болып келеді. Ал қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы да туады.

Қайыңның ұрықтары желмен тез ұшып кетеді. Ол орманның басқа ағаштары өсе алмайтын жерлерде де тез өсіп - өнеді. Сондықтан қайыңды орманның "пионері" деп атайды.

Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш. Өмір сүру ұзақтығы - 100 - 150 жыл. Ол көктемде ерте бүршік жарып, кеш жапырақ түсіретіндігімен ерекшеленеді. Табиғатта қайыңның 140 түрі бар. Елімізде оның көптеген түрлері кездеседі. Ең кең таралған түрі - кәдімгі қайың немесе аққайың. Баянауыл және Көкшетау қорықтарында қарағай, көктерекпен бірге қайыңның “үлпек қайың” деп аталатын түрі өседі.

Қайың ағашының бұтағы мен діңі берік, әрі шымыр. Жапырағы жұмыртқа пішіндес, жиектері ара тісті. Қайың сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Гүлдері сырға секілді. Күзде ерекше сары түске боялатын қайың жапырақтары саябақтарға көрік беріп тұрады. Қайыңның барлық түрі өте тез өседі және оңай жерсінеді. Гүлпаздар қайыңды «Саябақ ағашы» деп атайды. Әдемілігіне бола жолдың екі жағалауына, тіпті бақ ішіне қатар - қатар бірнеше түбін бірден егеді. Қайың өзгеше сұлулығына бола ақындардың өлең - жырларына жиі арқау болған ағаштың бірі. Ажарлы да көрікті бойжеткендерді аққайыңға теңеп жатады.

Қайыңның бүршігі мен жапырағында, гүлі мен діңінің қабығында және ағашы мен шырынында емдік қасиеттер бар. Оның бүршіктері мен жапырақтарының құрамында эфир майы, қара май, флавоноидтар, сапониндер мен С дәрумені бар. Шырынын сусын ретінде пайдаланады. Қайыңнан жоғары сапалы шаңғы мен шере жасалынады. Тез шіріп кететіндіктен құрылыста аз қолданылады. Жанғыштық қасиеті жоғары болғандықтан, отын ретінде пайдаланады. Көп күтімді қажет етпейді. Жас көшетін алғашқы жылдары түзулеп өсірсе, діңі тік әрі әдемі болып өседі.

Қалемшелеу арқылы оңай көбейтіледі. Скандинавия елдерінде қайыңның дінінің төменгі жағы үйілденіп, шорланып - жуандап кететін қайыңдар бар. Оған тіпті балта да батпайды. Мұны Карелия қайыңы деп атайды. Оның ағашынан әшекейлі әсем жиһаз, қобдиша және әр түрлі безендіру заттарын жасайды. Карелия қайыңы өте сирек ұшырасады. Сондықтан қазір оны қолдан жасанды жолмен өсіруге әрекет жасалуда.

Қайың ағашы біздің еліміздің солтүстік орман алқаптарында жайқалып өсіп жатыр. Солтүстік ормандарына қайың ағашы көрік береді. Осы қайың ағашын қорғау жас жеткіншектердің міндеті деп айтар едім. Көктем мезгілінде адамдар ағаш отырғызу арқылы табиғатқа қамқорлық жасайтыны, жақсы істерді орындап, өз қолымыздан Табиғат - Анаға көмек көрсету біздердің міндетіміз деп санаймын.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×