Сайтқа кіру Тіркелу

Дарынды оқушыны шығармашылыққа баулу

Тақырыбы: Дарынды оқушының шығармашылығын дамыту.
Мақсаты: Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту, рухани бай, білімді шәкірт етіп тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, қиял - қабілеттерін ашуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының орындаушылық қабілеттерін арттыру арқылы өзіндік жұмыс жасап, берілген тапсырманы еркін, көркем орындауға дағдыландыру.
Білімділік: Шығарма авторы туралы ізденіп жазуға, музыкалық - теориялық мәнін түсініп орындауын меңгерту.
Сабақтың түрі: Жеке оқушымен жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: сольфеджио, музыка әдебиеті.
Қолданылатын көрнекіліктер: баян аспабы, сызбалар, видеопроектор.
ЖОСПАРЫ:
1. Гамма C - dur, арпеджио, оң және сол қолда бөлек - бөлек орындату.
2. Музыкалық - техникалық түрлі жаттығулар.
3. М. Магиденко «Петушок» әні.
4. Орыстың халық әндері Василек, Как под горкой, под горой.
5. Б. Ғизатов - Біз өмірдің гүліміз.
6. В. Клин - Этюд
7. Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:
Мотивациялық бөлім
Шаттық шеңберін жасау:
Үйренсек нотаны,
Ән де саламыз.
Барлығын оп - оңай
Жаттап аламыз.
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының психологиялық болмысын, оқу - құралдарын дайындауын, сырт бейнесін, орындыққа отырысын бақылай отырып, сабағыма қатысушы ұстаздарға шәкіртім туралы шағын мәлімет беріп, таныстырамын.
II. Үй тапсырмасына шолу жасап, қол жаттығуларын жасатамын:
а) Гамма C - dur (сызба түрін көрсетемін), арпеджио, аккордын оқушыға оң және сол қолда бөлек - бөлек орындатамын. Сольфеджио пәнімен байланыстыра отырып басқыш аралығындағы интервал, тондары туралы түсінігін тексеремін.
Сонымен, нота дегеніміз - қағаз бетіне жазылатын музыкалық дыбыстар екен.
ә) Оң және сол қолға арналған жаттығуларды өлшем, нота ұзақтығын санай отырып, мәнерлеп орындауын қадағалаймын.
б) М. Магиденко - Петушок, орыстың Василек, Как под горкой, под горой атты халық әндерін екі қолмен бірге жатқа орындатып, екпін, динамикалық ерекшеліктерін түсініп ойнауына мән беруін ескертемін.
в) Б. Ғизатовтың «Біз өмірдің гүліміз»әнінің екі қолда орындалу жолдары мен аккордтарына (d - moll, g - 7) дұрыс түсіп ойнауын бірнеше рет қайталатып, жаттықтырамын. Шығарма авторлары туралы оқушыға конспект жазбаларын оқытып, түсінігіне, ізденушілігіне, ой - өрісіне, қабілетіне зерттеме жасаймын.
Интеллектуалдық бөлім:
г) Этюд - В. Клин авторы туралы түсінігін, нотаны ауызша бірден оқу(чтение нот с листа) әдісімен музыкалық сауаттылығын жеделдету жұмыстарын жасатамын.
ғ) Жаңа сабақ: Д. Б. Кабалевский «Маленькая полька».
Шығарманы оқытып, талдатып, ырғағын (ритм) ұрғызып, композитор туралы мәлімет беремін. Би жанры туралы түсіндіріп, оң және сол қолдың аппликатурасының жүру жолдарын мәнерлеп орындау керектігін түсіндіремін.
Музыка тыңдау: Музыканттардың орындауында заманауи үлгідегі шығармаларды тыңдатып, оқушының қызығушылығын ояту, музыка өнеріне сүйіспеншілігін, құрметін қалыптастыру менің негізгі мақсатым. Шәкіртім әуеннің не туралы болғанын түсініп, шығарма аттарын есіне сақтауға талпынады.
Ритмикалық диалог ойыны: «Жаңғырық» (сольфеджио пәнімен байланысады) ойынына белсене араластырып ойнату. Жоғары сынып оқушыларымды қатыстыра отырып, жарыстыра ойнатып, жылдам ойлау қабілеттерін, шалт қимылдауларын дамыту мақсатында бұл әдістің балаларды жақсы сергітуге ықпалы зор.
Рефлексиялық бөлім:
- Бүгін қандай шығармаларды орындап үйрендік?
- Авторларын ата?
- Шығарма не туралы, қандай жанрда?
- Сабағымыздың қай бөлігі көбірек ұнады? (оқушы өз ойымен еркін жауап береді)
Сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беремін. Оқушымды мадақтап, бағалаймын.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қорқыт ата атындағы балалар музыка мектебінің
баян класының оқытушысы Байсенгер Әділбек Абылайұлы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Вольфганг Амадей Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» атты операсынан Фигароны ...

Вольфганг Амадей Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» атты операсынан Фигароны ...

Сабақтың мақсаты: 1. Музыкалық – теориялық білімнің негіздерін меңгерту. 2. В. А. Моцарттың қысқаша өмірбаянымен таныстыру....
Шығармада кездесетін штрихтармен жұмыс жасау әдістері

Шығармада кездесетін штрихтармен жұмыс жасау әдістері

Тәрбиелік мақсаты: Шығармаларды орындау арқылы музыкалық білімін жетілдіру. Дамытушылығы: Гамма, жаттығуларды түрлендіре орындату әдісі бойынша...
Полифониялық шығармамен жұмыс

Полифониялық шығармамен жұмыс

Мақсаты: Ұлы композитор И. С. Бахтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Прелюдияның орындалу ерекшелігін оқушы санасына жеткізу, музыкалық -...
Музыка әлемінде

Музыка әлемінде

Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет...
Гамма, этюдтар ойнау арқылы оқушының техникасын өсіру

Гамма, этюдтар ойнау арқылы оқушының техникасын өсіру

Қызылорда облысы, Арал қаласы өнер мектебінің мұғалімі Қадырбаева Баян Жамаловна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×