Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру. Отанын елін туған жерін салт - дәстүрін ұмытпай құрметтеуге ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуге баулу.
Білімділік: Оқушылардың пәнге тақырыпқа деген, қызығушылығын арттыру. Отанға туған жерге арналған әндер арқылы оқушылардың білімдерін көтеру.
Дамытушылық: Топтық ойлау әрекетін қолдану. Алған теориялық білімдерін ойындар арқылы жинақтап ой - өрістері мен рухани мәдениетін эстетикалық талғамдарын анықтай отырып оқушылардың танымдық қабілетін арттыру. Балалардың музыканы тыңдау арқылы ырғақты сезінуі және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып композиторлардың әндері мен музыкасы арқылы өз халқының әндеріне туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім мен білікті тексеру сабағы.
Сабақтың түрі: Топтық ойлау, ойын сабақ.
Сабақтың мақсатына жету үшін пайдаланылатын әдістер:
1. Ой қозғау
2. Топтық жұмыс
3. Бейнеролик көрінісі
Пайдаланылатын көрнекіліктер:
1. Құралдар:
Магнитофон, интерактивті тақта, компьютер, маркер, маркерлік тақта, А 1 форматты қағаз т. б.
Көрнекіліктер:
Нақыл сөздер, жасырын сөздер, жасырын әуендер, слайд көрсетілімдері т. б.
Пәнаралық байланыс:
Әдебиет, тарих, бейнелеу өнері, валеология, география, дүниетану.
Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының Гимнін орындау салтанаты.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеу. Оқушыларды 3 топқа бөлу. 1 - топ «Бейбітшілік» 2 - топ «Достық» 3 - топ «Тәуелсіздік» Топ басшыларын сайлау.
«Бейбітшілік» тобының басшысы:
«Достық» тобының басшысы:
«Тәуелсіздік» тобының басшысы:
Оқушыларды өздері бағалау критерилері арқылы топ басшылары әр айналымнан соң бағаланып ұпай саны айтылып тұрады. Мұғалім жауап берген оқушыға нота кілтін беріп отырады.
Мұғалім: Енді мен сендерге бүгінгі сабағымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.
1 - айналым: Миға шабуыл «Ойлан тап» деп аталды, яғни Қазақ кинофильмдерінен үзінділер көрсетіледі, сол фильмге қатысты сұрақтарға жауап беру.
2 - айналым: «Сөз мерген» деп аталады. Сөз тіркестері беріледі. Осы сөз тіркестерінің мағынасын айтып бересіңдер.
1. Ат құлағы көрінбейді ( Алыс)
2. Науадан ағызды. (Молшылықты)
3. Салы суға кетті. (Көңіл күйі болмады)
4. Аяғынан тік тұрды.(Қонақтарды тізе бүкпей күту)
5. Шаң жуытпау.(Қорғау)
6. Ішін алдыртпады(Сыр білдірмеу)
3 - айналым: Ревю «Білгіш болсаң тауып көр» деп аталады. Яғни топ басшыларының қолдарына елімізге танымал адамдардың тізімдері беріледі, сол адамдардың атақ - даңқтарына байланысты топтары ол адамның кім екенін табу керек.
1 топ «Бейбітшілік» тобының басшысына Ольга Шишигина, Асанәлі Әшімов, Қайрат Нұртас.
2 топ «Достық» тобының басшысына Әміре Қашаубаев, Болат Сарыбаев, Ильия Илин.
3 топ «Тәуелсіздік» тобының басшысына Ермек Серкебаев, Махамбет, Болат Саттарханов.
Мұғалім: Жалпы сұрақ «Әуенді тап» Берілген әуенді тыңдап. Ол ән қалай аталады? Авторы кім?
( Шәмші Қалдаяқовтың әні «Ана туралы жыр») Әнді бәріміз қосылып орындаймыз.
4 - айналым: «Кім жылдам» деп аталады яғни топ басшыларына әріптер беріледі. Сол әріптерден мұғалім оқыған сұрақтарға тез шапшаңдықпен берілген әріптерден жауап жазу керек.
1 сұрақ Музыкалық кілт қалай аталады? (Скрипка кілті)
2 сұрақ Музыкалық әріпті ата? (Нота)
3 сұрақ Роза Рымбаеваның атын шығарған ән? (Әлия)
4 сұрақ Нұрғиса Тлендиевтің еліне арнаған әні? (Өз елім)
5 сұрақ Вальстың корольі кім? (Шәмші)
6 сұрақ Күйді кім орындайды? (Күйші)
7 сұрақ Күй атасы кім? (Құрманғазы)
8 сұрақ Құрманғазының шәкірті. (Дина)
9 сұрақ Біржанмен айтысқан кім? (Сара)
Жалпы сұрақ:
«Елім менің» әнін тыңдау. Сөзін, әнін жазған кімдер? Әнді хормен орындау
Оқушыларды бағалау.
Елім менің
- ainur.orynghaziieva.1967
- 25 қараша 2014
- 5718
- 0
- 0
Ілмек сөздер: музыка пәнінен сайыс сабақ, елім менің атты музыкадан жарыс
Ұқсас жаңалықтар:
«Ән салайық, би билеп»
Сабақтың мақсаты: балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, музыкалық шығармаларды табу барысында олардың ой - өрісін дамыту, балалардың көңіл...Жомарт өлкем
Мақсаты: Музыканы тыңдау, сезіну, сипатын ажырату, динамикасын білу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту....Музыка әлемінде
Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет...Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде музыка пәні мұғалім Айнур Орынгазиева...Тәуелсіздік – ел бақыты
Сұлтанова Раушан Кәдірбекқызы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.