Сайтқа кіру Тіркелу

Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева

Маршал Әбдіхалықов орта мектебінде ұйымдастырылған эстетикалық пәндер мұғалімдерінің олимпиадасында өткізілген.
Сабақтың тақырыбы: «Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева» (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: Р. Рымбаева туралы түсінік беру
Білімділік Қазақ музыкасының туындап сақталуы. Қазақ музыкасындағы эстрада – вокал жанрындағы тарихи әндердің даму жолдары.
Дамытушылық: Музыкалық қабілеттерін ашу, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, достық қарым - қатынасты, адамгершілікке музыкалық шығармаларды тыңдау арқылы тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Диалогтық оқыту, АКТ.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: слайдты плакаттар, бейнеролик
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу.
Күтілетін нәтиже: әнді мазмұнын түсіне отырып, жатқа айтады,

Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру бөлімі
«Көңіл күйің қандай?» тренингі. Әуенмен амандасу: «Сәлеметсіз дермеба?!» «Көңіл күйлерің қалай?» «Ән сабағына деген дайындықтарың қалай?» «Ендеше сабағымызды бастайық»

Үй тапсырмасын сұрау: ( Тақырып: ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ опера өнері)
1 - сұрақ: Опера дегеніміз не?
Жауабы: Театр сахнасында қойылатын музыкалық драмалық шығарма. Операның негізі өлең сөзден, сахналық музыкадан құрылады.
2 - сұрақ: Ең алғаш шыққан опера.
Жауабы: «Айман - Шолпан» «Қыз - Жібек»
3 - сұрақ: Ұлы Отан соғысы кезінде дүниеге келген опералар.
Жауабы: А. Жұбанов пен Л. Хамиди бірігіп жазған опералар «Абай» «Т. Тоқтаров» «Гвардия алға!» М. Төлебаев пен Е. Брусиловскидің бірігіп жазған опералары «Амангелді» «Біржан - Сара»
Ән айтпастан бұрын дауыс жаттығуын жасап алайық. (аспаптың сүйемелдеуімен)
Топқа бөліну. Сұраққа жауап берген оқушы топ басшысы болады. Топ аттары
Тапсырма сұрақтарына жауап берген оқушыларды топ басшылары бағалап отырады.

ІІІ Жаңа сабақты меңгертуге байланысты материал:
Әнші. Қазақстанның халық артисі, халықаралық конкурстардың лауреаты. 1957 жылы Семей облысында туған. Алматы қаласындағы театрлық - көркемдік институттың музыкалық - драмалық комедиясы факультетін бітірген. 1976 - 1979 жж.. - Республикалық "Гүлдер" жастар - эстрадалық ансамблінің солисі, 1979 жылы - "Қазақконцерт" бірлестігі жанындағы "Арай" эстрадалық ансамблінің солисі. Әншінің халықаралық белгілі болуы С. Бәйтерековтің "Әлия" әнін орындауынан басталады. Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің "Гүлдене бер, туған жер", Н. Тілендиевтің "Куә бол", Б. Байқадамовтың "Айгөлек", Ж. Тұяқбаевтың "Атамекен", Т. Сарыбаевтың "Отандастар" әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. "Бір бала", "Сәулем - ай", "Кебек", "Назқоңыр", "Әгугай" және т. б. сияқты халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Р. Рымбаева сондай - ақ, киноактриса р1974 — өзіндік шығармашылық республикалық конкурсының бірінші премиясы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×