Сайтқа кіру Тіркелу

Қаратөбе өнерлі өлке

Тақырыбы: «Қаратөбе - өнерлі өлке»
Мақсаты: 1. Оқушыға ән өнері ғасырдан ғасырға өлмей мұра болып дамып, кейінгі ұрпаққа үлгі болатыны туралы түсінік беру.
2 Дәстүрлі әнді тыңдату арқылы оқушының туған жерге деген сүйіспеншілігін өлең арқылы. дамыту.
3. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, жерлес сазгер Мұхит, Ғарифолла атамыздың әндерін тыңдату.
Қ. Ислямовтың «Қаратөбем» әнін үйрету.
Түрі: тарихи - танымдық сабақ
Әдісі: жеке оқушымен жұмыс, тірек - сөздермен жұмыс, Венн диаграммасы
Өту барысы:
. Қайырлы күн, қымбатты оқушым, мұғалімдер! Мен бүгін жылылық пен қонақжайлылық ұялаған бөлмеде кездескеніме қуаныштымын. Орыныңызға отырыңыз.
I Қызығушылықты ояту

Назерке тақтада көрсетілгендей сенің алдыңда суреттер тізбегі көрсетіліп тұр.
Көрнекіліктер стратегиясы:
киіз үй шаңырақ кең дала адам бейнесі

Осы суреттер арқылы сен 5 минуттық эссе жазасың немесе төрт жолдық өлең шығаруыңа болады.
Мен бүгінгі сабағымда өз туған өлкемді таныстырғым келеді. Осы облыс орталығынан шалғайда жатқан өзіміздің ауданымыз туралы не білесің? Жалпы осы өлкеде қандай өнер адамдары бар?

- иә, кең жазира ен өлкеде, көгілдір аспан, тыңдаушысы сарыжайлау мен өзен - көлдің аққу қаздары болған өңіріміздің біртуар дарын иелерінің үлкен өнерге келуінің өзі - бір тарих.
Топтастыру стратегиясы:

Қаратөбе - өнерлі өлке
- Олай болса, Қаратөбе өңіріндегі Ұзақ күйші, балет бишісі Ғазиз Ахмедияров, жазушы Құрманғазы Қараманұлы, палуан Еңсеп Досқалиев, әнші Мұхит, Ғарифолла, ақын Жұрғали Ертілесов, сазгер Ескендір Хасанғалиев кіндік қаны тамған жер.

II Мағынаны тану
Бүгінгі біздің сабағымыздағы баста тұлға
Мұхит Мерәліұлына қатысты ұғымдарыңызды таратып жаза қойыңыз.

Мұхит
Категориялық топтастыру
Мұхит тек қана ән орындаушы ғана емес, оның бойынан үш ерекшелік табылады.
1. Әннің сөзін өзі шығарады. (ақын)
2. Сазгер.
3. Орындаушы.
Мұхиттың күйі А. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» деген кітабында бар. (Кітапты көрсету)
Музыка тыңдату: Мұхит «Айнамкөз» ( шығу тарихын айтып өту)
Мұхиттың балалары, немерелері музыкаға аса қабілетті болыпты. Нәу, Шайқы, Шоң секілді немерелері әнші, домбырашы болып көпке өнерімен танылған жандар. Міне, осындай өзіндік ән мектебінің шебері сал Мұхиттың ұрпақтары да өнерлі болған екен.
Мұхиттың өнерін әрі қарай жалғастырушы, қазақ әндерін орындауда ешкімге ұқсамайтын біртуар дарын иесі Ғ.Құрманғалиев.
Категориялық топтастыру стратегиясы:
Ғарифолла туралы не білесің? Қане, ойланып, еске түсіріп, білгеніңді топтастырып жаза қой.

Ғарифолла

Ғарифолла - тек қана әнші сазгер ғана емес, қазақ ән өнері туралы зерттеу еңбек жазған. «Әнші дауысы» атты кітаптың авторы. Оның «Нұржамал», «Сүйген жар», «Ақ Жайық», «Әнші дауысы» секілді ел арасында кеңінен тараған әндері әншінің кең диапазонын «алты қырдың астынан естілетін» асқақ үнін паш ететін тамаша туындылар.
Музыка тыңдату.
«Атадан қалған асыл сөз» атты облыстық жасөспірімдер арасындағы термешілер сайысының II орын иегері Егінғали Қыдырниязды бүгін осы сабағыма қонақ ретінде шақырып отырмын.
Ғарифолла Құрманғалиев «Еңбек термесі»
Мұхиттың да, Ғарифолланың да негізгі сүйеніші де, қаруы да, құралы да, аспабы қазақтың қара домбырасы болған.
Дауыс жаттықтыру:
Олай болса, И. Нүсіпбаевтың «Домбырасыз сән қайда» әніне
дауысымызды жаттықтырайық..
Ән үйрету: Домбырасыз сән қайда»
1. Әннің 1 шумағын қайырмасымен үйрету.
2. Әннің қағысын қағу (төмен, төмен, жоғары)
3. Әннің сазын үйрету
4. Әнді домбырамен қосып айту.
Мұхит та, Ғарифолла да, қарапайым ән – терме жетекшісі менде, сен де, мына отырған барлық мұғалімдер де - Қаратөбе топырағының перзентіміз. Қаратөбе өңірі біз үшін әнге арқау болған киелі жер. Ендеше, келіңдер, бәріміз «Қаратөбем» әнін қосылып шырқайық..
Қосылып ән айту. Ән «Қаратөбем»
Сөзі: Жұрғали Ертілесов
Әні: Қайырлы Ислямов
III Толғаныс Венн диаграммасы
Мұхит Ғарифолла
Қорытындылау:
Халқымыздың осындай дарынды перзенттері кейінгі ұрпаққа өнердің өлмес мұрасын қалдырды. Қазақ халқы тегінде, өлеңші де, өнершіл халық, қанында ақындық қасиеті бар түпкі тегі ақын халық, батыр халық, әнші халық кейінгі ізбасар ұрпақтары есіне алып жүрсін деп әннен белгі қалдырыпты.
Біз, бүгінгі жас буын, сол өнерді өзімізге серік етіп «Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазақстанның» жаңашыл жастары ретінде әлемнің алдыңғы қатарлы 50 елінің қатарына жетуге ұмтылып келеміз. Өзі өлсе де артына өлмейтіндей із қалдырған Мұхит, Ғарифолла сияқты жезтаңдай әншілердің ән аспанында жұлдызы жоғары.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Қаратөбе өнерлі өлке
Ұқсас жаңалықтар:
Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев

Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев

Оқушыларға сырлы әндерімен халыққа танымал әнші, композитор А. Қоразбаев туралы мәлімет, тың ақпараттар бере отырып, өнерге деген көзқарас...
Күйші - ұстаз Дәулет Мықтыбаев

Күйші - ұстаз Дәулет Мықтыбаев

Қобызға арналған күйлерді ХХ ғасырда дамытушы күйші Дәулет Мықтыбаев өмірімен, шығармашылығымен танысу Ықыластың «Шыңырау» күйінің шығу тарихымен...
Әнін көкке қалықтатқан Ғарифулла Құрманғалиев

Әнін көкке қалықтатқан Ғарифулла Құрманғалиев

Қайталанбас өнер иесі, Мұхит әндерінің сынын, бояуын бұзбай бізге жеткізуші талант иесі Ғарифолла Құрманғалиев туралы жаңа сабағымызды бастамақпыз....
Қаратөбе - өнерлі  өлке

Қаратөбе - өнерлі өлке

Қаратөбе ауданы Қаратөбе балалар саз мектебінің I санатты терме класының оқытушысы Ақкерей Ләйлі Тельманқызы...
Музыка әлемінде (сайыс сабақ)

Музыка әлемінде (сайыс сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Музыка әлемінде Мақсаты: 1. Оқушылардың музыкаға, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында, «Миллион кімге бұйырады»...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×