Тақырыбы: «Балапаным - балақаным»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың ән - әуез оқу іс - әрекетіне қызығушылығын арттыра отырып, музыкалық мәнерді ажыратып, сезіне және түсіне білуге үйрету. Музыканы тұтас күйінде қабылдай білу, әсерін, жалпы сипатын сезіне білу дағдыларын ақылптастыру. Әнді бір мезгілде бастап, бірдей аяқтауда көрінетін ( ұжымдық немесе жеке ) ән айту дағдыларын жетілдіру. Әнді айтқанда табиғи дауысымен еркін жеткізуге үйрету.
Дамытушылық: Балаларға ән және музыка мазмұнының бір жайды әңгімелейтінін, суреттейтінін, балалардың есту және көру қабілеттеріне әсер етуі арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Баланы әдемілікке тәрбиелеу. Эстетикалық сезімін ояту. Бауырмалдық адамгершілік тәрбиесін егу. Үй құстарына қамқор болуға табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Дәстүрлі емес, саяхат.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің типі: Жаңа білімді беру.
Методикалық әдіс – тәсілдер: Таңғажайып сәт, көрсету, түсіндіру, жаттату, қайталау, тыңдау, сұрақ - жауап, сергіту, ойын, бағалау, қорыту.
Құрал - жабдық, көрнекіліктер: Мекиен, қораз, балапан суреттері, жұмыртқа, жұмыртқа макеті, үнтаспа, үйрек жұмсақ ойыншығы, қорапша, музыка белгісінің макеті, наушник, плеер, себет, кейіпкер киімдері, залды безендіру.
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, математика, дене тәрбиесі, айналамен таныстыру.
Алдын - ала жүргізілген жұмыс: Үй құстары туралы суреттер тамашалау.
« Шұбар тауық» ертегісін жандандыру.
Сөздік қор: Мекиен.
Сөздік жұмыс: Қыт - қыт, шиқ - шиқ, ку – ка – ре - ку, мекиен.
Әрекет кезеңдері:
- Мотивациялық қозғаушы:
- Балалар біз әуен сазымен серуенге шығамыз.
( Балалар жүре бастағанда тауыққа кездеседі.)
- Балалар мынау тауық емес пе?
Балалар:
- Ия, тауық.
Ән жетекшісі:
- Саламатсыз ба!
Балалар:
- Саламатсыз ба, Тауық ана!
Тауық: - Қыт - қыт - қыт. Амансың -дар ма, балалар!
Ән жетекшісі:
- Не болған сізге әбіржіп, қайдан келесіз?
Тауық:
- Мен « Алтын жұмырт - қамды» жоғалтып алдым, байқаусызда себетімнен түсіп қалыпты. Ол жұмыртқадан балапан шығатын уақыты да болып қалған еді.
Балалар:
- Оны қайда жоғалтып алдыңыз?
Тауық:
- Балабақша маңында болу керек. Тіпті оған алып қойған сыйлығымда бар еді. Өздерің қайда барсыңдар?
Балалар:
- Біз балабақшаға барамыз.
Тауық:
- Жол – жөнекей менің жұмыртқамды көрсеңіздер хабар бересіздер.
Ән жетекшісі:
- Жарайды, біз сізге көмек береміз, солай емес пе, балалар?
Балалар:
- Ия, көмек береміз.
Тауық:
- Қыт – қыт - қыт. Мен кеш батпай табуым керек, кете берейін.
( Тауық жүгіре жөнеледі.)
Ән жетекшісі:
- Балалар Мекиен анаға көмектесіп, көз қырымызды сала жүрейік. Мекиен - дегеніміз ол балапандардың анасын атайды. Тауық – деген жалпы атауы. Қане, қайталап көрейік – Мекиен.
Балалар:
- Мекиен.
Ән жетекшісі:
- Ал, сендер не байқадыңдар?
- Мекиен ананың жүрісін көрдіңдер ма?
Балалар:
- Көрдік, адымдап жүреді екен. Ол дәнді шоқып жиді.
Ән жетекшісі:
- Олай болса біз мекиен жүрісін салып жүрсек қайтеді. Қане, балалар.
Қолымызды жаямыз қанат қылып,
Адымдап жүреміз тауық болып.
Дән шоқимыз, тереміз,
Ұшып - ұшып, ұшып - ұшып,
Бақшамызға жетеміз.
( Балалар әр сөздерге сәйкес қимылдар жасап жүреді, осы кезде жолда жатқан жұмыртқаны көреді.)
Ән жетекшісі:
- Балалар, бірдеңе жылтырап көрінетін сияқты, жақындап көрейікші.
Жұмбақ:
Айдалада ақ отау,
Аузы, мұрны жоқ отау.
- Бұл не болды?
- Жұмыртқаның түсі қандай?
- Пішіні қандай екен?
Балалар:
- Жұмыртқа.
- Түсі сары, алтын сияқты.
- Пішіні сопақша.
Ән жетекшісі:
- Ендеше бұл жәй жұмыртқа емес, өзі алтын, сиқырлы, ғажайып болды ғой. Бір дыбыс естілетін сияқты, тыңдап көрейікші.
( Жұмыртқа қозғалып, жарылады.)
- Міне қызық, ішінен балапан шықты ғой. Қандай сүйкімді.
( Балапан құлағында наушник, қолында плеер, өзі билеп тұрады.)
- Қош келдіңіз, балапан!
Балапан:
- Шиқ – шиқ – шиқ. Саламатсыздар ма!
Балалар:
- Саламатсың ба!
Тақпақ: Шиқ – шиқ - шиқ.
Мен әдемі балапанмын,
Біліп қой сен балақан!
Ән айтқанды, би - билеп,
Ұнататын балапан!
Ән жетекшісі:
- Балапан сені Мекиен анаң жоғалтып іздеп жүр.
Балалар:
- Саған дайындаған сыйлығы бар екен.
Ән жетекшісі:
- Сен бізбен бірге бол. Біздің бақшамыз өте көңілді, ал балалар өнерлі. Балалар, біз балапанға өнерімізді көрсетіп, тақпақ айтып, ән айтып, би - билеп берсек қалай болады.
Балалар:
- Мен өлең айта алам.
- Ал, мен би - билеп беремін.
- Мен тақпақ айтамын.
Ән жетекшісі:
Алдымен бәріміз орнымызға жайғасып алайық.
Сары үрпек балапан,
Бейне бір балақан.
Көгалды шоқып көп,
Дән іздеп тереді.
Тауық тары жинапты,
Оны ешкімге қимапты.
Бөтекесін толтырып,
Қамбасына құймапты.
Балалар қол шапалақтап қошемет беріп отырады.
Ән тыңдау:
Ән жетекшісі:
- Балапан сен жаңа қандай ән тыңдадың, бізде тыңдап көрсек деп едік?
Ән жетекшісі:
- Балалар, бұл әуен не туралы екенін және көңілді ме әлде көңілсіз бе аңғарып отырамыз. Ол үшін орнымызға жайғасып алайық.
( Әуенді үнтаспадан тыңдату.)
- Балалар әуен ұнады ма сендерге?
- Дұрыс айтасыңдар. Ал, енді менің қолымдағы суреттерге қараңдаршы. Ненің суреті?
Балалар:
- Әтештің, балапанның суреті.
Ән жетекшісі:
- Мынау Мекиен, ал мынау қораздың суреті. Мынау кішкентай балапан. Енді мекиен қалай дыбыстайды, есімізге түсірейікші? Мекиен ана бізбен кездескенде қалай дыбыстады?
- Ал, қораз қалай дыбыс береді?
Балалар:
- Қыт – қыт – қыт
Ән жетекшісі:
- Кішкентай балапан ше?
Балалар:
- Ол таң ата бізді ку - ка - ре - ку – деп оятады.
- Шиқ - шиқ - шиқ.
Ән жетекшісі:
- Та - ма - ша! Сендер байқампаз екенсіңдер.
Дауыс жаттығуы:
Ән жетекшісі:
- Ендеше, мен сендерге мекиен суретін көрсеткенде « қыт - қыт - қыт» деп, қораз - дың суретін көрсеткенде « ку - ка - ре - ку» деп, ал, балапанның суретін көрсеткенде « шиқ - шиқ - шиқ» деп әуенге еріп әндетеміз.
( 1 - 2 рет қайталанады )
- Біз өткен сабағымызда көптеген әндер жаттаған болатынбыз, соның ішінде өзімізге ұнайтын бір әнді есімізге түсіріп, қайталап жіберейік. Қане қай әнді айламыз.
Негізгі бөлім:
- Балалар мен сендерге бүгін жаңадан ән әкеліп отырмын. Бұл ән « Табиғат біздің анамыз» деп аталады. Бұл әннің авторы жерлесіміз, сазгер Әділбек Байсеңгіров ағайымыз. Міне өздерің көріп отырғандай бізге көп қонақтар келіп отыр. Және біздің Әділбек ағайымызда қонақта, танысып қойыңдар.
( Ағаймен таныстыру және бір ауыз сөзін, тілегін тыңдау.)
Ән жетекшісі:
- Айта ғой, қандай сұрақ қоясың?
- Менің ағайға қояр сұрағым бар еді, рұқсат етесізбе?
- Кішкентай кезіңізде сізде балабақшада болдыңыз ба?
- Сіздің кішкентай немереңіз бар ма, онымен бірге ән айтасыз ба?
- Біздерге арналған әндеріңіз көп па?
( Ағаймен әңгіме өткізіледі, әннің шығу тарихынан айтып өтеді. Әнді хабарлап, ағайдың орындалуында тыңдау. )
- Енді өлең сөздерін маған еріп қайталап отырыңдар, сосын әнге қосып бірге жаттаймыз.
( Өлеңді өз нақышында орындап, жаттату. Ән аяқтала бергенде тауық келеді.)
Мекиен: - Қыт - қыт - қыт. Балалар сендер менің жұмыртқамды таптыңдар ма?
Ән жетекшісі:
- Табылды, ол жәй жұмыртқа емес, « Алтын жұмыртқа» екен.
Балалар:
- Таптық, оның ішінен балапан шықты.
- Сиқырлы, ғажайып екен.
Мекиен:
- Қыт - қыт - қыт. Балапаным менің!
( Мекиен ана балапанын құшақтап бауырына қысады.)
- Балалар сендер неткен керемет едіңдер, сендерде менің балапаным сияқтысыңдар!
- Ал, балапандар бір орында көп отыра алмайды.
Ән жетекшісі:
- Олай болса кішкене бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Мекиен:
- Маған ілесіп көріңдерші кәне.
Оң қанатты бір қағып,
Сол қанатты бір қағып.
Мен қанатты жазамын.
Жерден дәнді шоқып – ап,
Ұшып – ұшып аламын.
Ән жетекшісі:
- Мекиен ана рахмет сізге, біздің балалар біраз серігіп қалды.
Әуенді қимыл қозғалыс:
Мекиен:
- Балалар, рахмет сендерге. Мен енді балапаныма дайындаған сыйлығымды берейін.
( Қорапшаны балапанға береді, оның ішінен « үйрек балапаны» жұмсақ ойыншығы шығады.)
Ән жетекшісі:
- Қараңдаршы, бұл қандай ойыншық.
Балалар:
- Бұл « Үйрек балапаны» жұмсақ ойыншығы.
Мекиен:
- Ия, бұл үйрек балапаны жұмсақ ойыншығы менің балапаным екеуі дос болады.
Ән жетекшісі:
- Олай болса балалар, біз өткен іс - әрекетімізде « Үйректер» биінің қимылдарын үйренген болатынбыз, ал, бүгін әуенге ере отырып, толық билеп берейік.
( Әуен ойналып би қимылдарын жасайды.)
Мекиен:
- Қыт - қыт - қыт. Қандай өнерлі едіңдер. Енді біз қайтуымыз керек.
Ән жетекшісі:
- Мекиен ана, біздің балалардың өнері шексіз. Мүмкін олардың ойынын тамашалап көрерсіз. Сосын бірге қайтамыз.
Музыкалық ойын:
Мекиен:
- Жарайды, менің де балапаным сендермен бірге біраз ойнасын.
Ән жетекшісі:
- Балалар, бұл ойынның аты « Әндете айт атыңды» деп аталады.
Ойын шарты: Қойылған музыканы тыңдап, ол әуен қай аңды бейнелейді, сендер сол аңның қимылын жасап, межедегі музыка кілтіне қарай келесіңдер. Сосын оған келген соң өз есімдеріңді әнге қосып айтасыңдар.
Рефлексивті коррекциялау:
Ән жетекшісі:
- Жарайсыңдар, балалар! Біз өнерімізді жақсы көрсете білдік. Бізде қандай оқу іс - әркеті болды?
Балалар:
- Ән - әуез.
Ән жетекшісі:
- Ненің жүрісін салдық?
Балалар:
- Тауық жүрісін салдық.
Ән жетекшісі:
- Қандай ән үйрендік?
Балалар:
- « Табиғат біздің анамыз» әні.
Ән жетекшісі:
- Кіммен таныстық?
Балалар:
- Сазгер Әділбек Байсеңгеров ағаймен.
Ән жетекшісі:
- Қандай би қимылдарын жасадық?
Балалар:
- « Үйректер» биі.
Ән жетекшісі:
- Қандай ойын ойнадық?
Балалар:
- « Әндете айт атыңды».
Ән жетекшісі:
- Балалар, барлығыңда бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Қыздардың барлығы әдемі болып, құлпырып тұрды, ұлдар өздерін әдемі ұстап сыпайылық көрсетті. Мен сендерге өз атымнан үлкен рахметімді айтамын. Мекиен ана мен кішкентай балапанға бізге қонаққа келіп тұрыңыздар, бір - біріңізден ажырамаңыздар дегіміз келеді.
Мекиен ана:
- Балалар, сендердің ән - билерің мен ойындарың өте ұнады және менің балапа - нымда риза болып қалды. Біз бір - бірімізді сендердің көмектеріңмен таптық.
- Менің сендерге берер « Си - қырлы жұмырта» сыйлығым бар. Қабыл алыңдар.
Балапан:
- Ал, мен « Алтын диск» әндер жинағын сыйлаймын. « Әнші балапан» жұлдыздары болуларыңа тілектеспін.
( Мекиен ана мен балапан «Си - қырлы жұмыртқасы» мен «Алтын дискісін» береді.
Білуі: Музыка әуенін сезініп, түсіне білуі, ән мазмұнын ажырата білуі.
Меңгеруі: Әуен ырғағына ілесіп іс қимылды меңгеру.
Жасай алуы: Үй құстарының суретіне қарап отырып дыбысталуын ажырата білуі, ән жетекшісінің және тәрбиешінің тапсырмасын жауапкершілікпен орындап, өздігінен іс - әрекет жасай алуы.
Балапаным - балақаным
- Марат Роза
- 8 мам 2013
- 12985
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Музыка, бала бақша, әтеш, балапан
Ұқсас жаңалықтар:
Музыка әлеміне саяхат
Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге үйрету...Үй құстары
Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Ново – Покровка ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектеп» КММ. Шағын орталық тобының тәрбиешісі Нұрланбетова...Үй құстары
ШҚО, Семей қаласы Қ. Рысқұлбеков атындағы № 33 орта мектебінің даярлық тобының тәрбиешісі Аринова Қаламқас Базкенқызы...«Алтын жұмыртқа»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы Мақсаты: Балаларға үстел - үсті...«Үй құстары»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Өмірзақова Зибагүл Бөкембайқызы Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.