Сайтқа кіру Тіркелу

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті»
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тексеру, оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Ертегі кейіпкерлерінің образына еніп, сахнада өзін еркін ұстай білуге үйрету. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ой - өрісін, сана - сезімі мен тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық.
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, бәріміз далаға қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Ал, күз мезгілі екенін қайдан білдіңіздер? (Жауабын күту)
- Иә, балалар, күз мезгілінде ағаштар қурайды. Жапырақтар сарғаяды. Күн салқындайды. Жемістер мен көкөністер піседі. Ал, күзде ауа райында қандай өзгерістер болады?
- Жаңбыр жауады, жер балшық болады. Қалың киім киеміз.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Өте жақсы балалар, ендеше сергіп алайық:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Аю көріп қалмасын,
Біз тығылып қалайық.
- Тамаша!
- Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты, сендер де естіп тұрсыңдар ма?
- Олай болса есік есікті ашып қарайық.
- Бұл бауырсақ ғой, балалар, сендер бауырсақты танисыңдар ма?
- Иә, бұл бауырсақ ертегісіндегі басты кейіпкер, оны балалардың бәрі таниды.
- Қош келдің бауырсақ!
- Сенің көңіл - күйің жоқ сияқты ғой, не болды саған?
- Менің көңіл - күйім қайдан болсын, атам мен әжемнен қашып кеттім, мен оларды ренжіттім.
- Иә, бауырсақ, ата - ананы, үлкендерді ренжітуге болмайды. Сен оларға қайтадан баруың керек, сонда олар саған ренжімейді. Олар орманның шетінде тұрады.
- Мен оларды қалай табамын, маған көмектесіңіздерші?
- Балалар, бауырсаққа көмектесеміз бе?
- Олай болса балалар, көзімізді жұмып, орманға саяхатқа шығайық. Ал, енді көзімізді ашамыз. Міне орманға да келіп қалдық. Балалар, орманда әртүрлі аңдар болады. Соларды байқап жүру керек.
- Қоян келе жатыр. Жүгіреді.
- Қоян: Бауырсақ мен сені жеймін;
- Бауырсақ: Жемеші, өтінемін.
- Қоян: Сен менің шартымды орындасаң ғана жемеймін.
- Тәрбиеші: Балалар, бауырсаққа көмек керек. Әйтпесе, қоян бауырсақты жеп қояды.
- Бауырсақ: Ол қандай шарт?
- Қоян: мына қағазда жазылған, Қараңдар!
Сен қандай геометриялық пішіндерді білесің?
Тәрбиеші: Қане, балалар орнымыздан тұрып, пішіндерді айтып берейік. Суреттерімен айтады.
Дұрыс айттыңдар, балалар, жарайсыңдар!
Қоян: Сау бол бауырсақ, саған балалар, көмектесті.
(аю кіріп келеді)
Аю: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жемеші аюбай.
Аю: қәне, айтшы онда сен маған: 1- ден 3 -ке дейін тура және кері санап берші?
Бауырсақ, балаларға қарап тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, бауырсаққа көмектесіп жіберейік:
Балалар, бауырсаққа көмектесіп, санап береді.
Аю: бауырсақ жарайды, саған балалар көмектесті ғой мен сені жемеймін, сау болыңдар!- деп кетіп қалады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, сендер өте ақылдысыңдар! Қане, ендеше сергіту сәтін жасап алайық:
(Сергіту сәтін жасап жатқанда уылдаған дауыс естіледі.)
Балалар, бұл қатыгез қасқырдың дауысы ғой!
Бауырсақ сен қорықпа, егер саған қасқыр тапсырма айтса, біз саған көмектесеміз, жарай ма?
Қасқыр: бауырсақ, қандай жақсы болды, қарным аш еді, сені жеймін енді.
Бауырсақ: Қасқыр, мені жемеші, оданда тапсырмаң болса айт орындаймын,- дейді.
(Қасқыр күледі) Менің тапсырмамды ешкім орындай алмайды.
Мә қағазда тұр, оқып қара, деп қағазды береді.
Тапсырма: «Логикалық есептер мен санамақ айту»
Қолымда бар бір алма,
Айнұрда бар екі алма,
Сонда болады неше алма?
Үш алмұрттың біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?
Балалар, жауабын айтады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ендеше санамақ айтып берейік, жеке - жеке санамақ айтып береді.
Қасқыр: ооой балалар, сендер қалай ақылды бала болдыңдар? Мен бауырсақты жеймін бе десем, сендер оны құтқардыңдар. Сендер жақсы дос екенсіңдер, жарайсыңдар!- деп, қасқыр да кетіп қалады.
Тәрбиеші: Балалар, біз ата мен әженің үйіне жетіп қалған сияқтымыз. Қәне, жүріңдер бауырсақты ата мен әжеге тапсырайық. Атасы мен әжесі бауырсақты көріп қуанып қалады. Әже балаларға алғыс айтып, тәттілер береді.
Тәрбиеші: Міне, балалар сендер, білімдеріңнің, мейірімділіктеріңнің, достықтарыңның арқасында бауырсақты құтқардыңдар! Бауырсақ сен ақылды бол, ата - әжеңнен қашпа! Сау бол!- деп, балабақшаға қарай жол тартады. Кетіп бара жатып, тәрбиеші балалардан:
- Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
- Бізге кімдер жолықты?- деп әртүрлі сұрақтар мен қорытындылау.
Мадақтау, бағалау.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Қандыағаш қалалық №2 орта мектебі
шағын орталық «Балдырған» тобының тәрбиешісі
Құлбергенова Қамажай Қуанышбаевна
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Бауырсақ» ертегісі

«Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: Балаларға көркем шығарманы тыңдауға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берулерін қорытындылап бекіту; олардың сөздік қорларын ұлғайту;...
Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)

Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)

Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету. «Қ» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» дыбысының айтылуын меңгерту....
Бауырсақпен бірге көктемді қарсы алайық

Бауырсақпен бірге көктемді қарсы алайық

Мақсаты: Балаларға көктем, көктемнің алғашқы гүлі - бәйшешек туралы түсінік бере отыра, көктем белгілерімен таныстыру. Ойлау қабілеттерін дамыту....
Бауырсақ кетті домалап

Бауырсақ кетті домалап

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті «Балдәурен» балабақшасының музыка жетекшісі Болатбаева Самал...

"Алтын күз"

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×