Сайтқа кіру Тіркелу

Дыбыс және әріп

Тақырыбы: «Дыбыс және әріп»
Білім беру салалары: қатынас
Бөлімдері: Сауат ашу және жазу негіздері
Мақсаты: дыбыс пен әріп туралы түсінік беру. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата алуды, жазу кезінде дұрыс отыруға, дәптер, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: саусақ ойынын ойнату
Әдіс - тәсілдер: сөздік, көрнекілік, сұрақ - жауап
Қажетті көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, үй жануарларының көркем суреттері
Қостілділік компонент:/билингвальный әліппи - алфавит, жаңбыр жауды - дождь идет

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
- балалар, біз бүгін дыбыстар бағына саяхатқа барамыз
Бұл бақ «Әліппе» деп аталады.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Әліпбиді көрсету
- әліпбиде көріп отырғандарың әріптер, олардың саны - 42. Егер біз әліпбидегі әріптерді оқитын болсақ, ол – дыбыс.
Дыбысты естиміз, аузымызбен айтамыз, ал әріпті көреміз, оқимыз және жазамыз.
- балалар, айтыңдаршы, пойыз тоқтағанда қандай дыбыс шығарады?
- жақын арада аралар жүргенін қайдан білеміз?
Түнде қасымызға маса келгені қайдан білеміз?
- дұрыс айтасыңдар, біз дыбысты осылай құлағымызбен естиміз. Әр естіген дыбыстың жазылу таңбасы - әріп. Әріптер мыналар (әріптерді көрсету)
Билингвальды компонент: әліпби - алфавит, жаңбыр жауды - дождь идет

Саусақ ойыны
Жаңбыр жауса
Тырс - тырс
Айтады гүл:
- дұрыс - дұрыс
Жаңбыр жауса,
Тырс - тырс,
Айтады қыр:
- ырыс - ырыс

Д/О: «Не қалай дауыстайды?»
Ойын шарты: педагог үй жануарларының суретін көрсетіп, не істейтінін айтады. Балалар сол жануардың дауысын салады.
Қой маңырайды
Сиыр мөңірейді
Жылқы кісінейді
Түйе боздайды
Ешкі бақырады

Бұл ойында үй жануарларының жүрісінде салуға болады.

- балалар, әріптерді жазу үшін бізге не керек?
- үстелде отыру ережесімен таныстыру: жазу барысында денені тік ұстап, дәптерді солға қарай қиғаштап қоямыз. Қарындашты үш саусақпен - бас бармақ, сұқ саусақ, орта саусақтармен ұстайды. Қарындаш ортаңғы саусақтың сол жағында болады. Бас бармақ қарындашты сол жағынан, сұқ саусақ үстінен сүйемелдейді.
Қарындаштың жоғарғы ұшы иыққа бағытталады (көрсетеді)
Саусақ жаттығуы
Педагог қаламды екі немесе үш саусақпен айналдыртады.
Саусақ жаттығуы
«Сорпаға тұз себейік»

Дәптермен жұмыс
Дәптердегі №1 тапсырма бойынша орындалады

Іс - әрекеттің бағалау кезеңі
- балалар әріп пен дыбыстың айырмашылығы бар ма?
- қандай айырмашылық?
- үстелде отырудың қандай ережелерді білесіңдер?
- қарындашты қалай дұрыс ұстау керек?

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жануарлар мен жәндіктердің, көліктердің дауысын, жүрісін салуды, жазу барысында үстелде дұрыс отыруды, қарындашты дұрыс ұстауды, үзік сызықтарды қосуды.
Қандай түсініктерді игерді: дыбыстардың жазылу таңбасы әріптер екенін дыбыс пен әріптің айырмашылығын, оқу үшін әріптерді тану керек екенін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: саусақ бұлшықеттеріне жаттығу жасауды.

БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, №3ЖОББҚМ
Мектепалды даярлық тәрбиешісі Бижанова Бакыт Абаевнаның

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×