Сайтқа кіру Тіркелу

Құстар біздің досымыз!

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту.
Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Баланың ой - өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.
Интеграция: Көркем әдебиет, музыка, ҚМТҚ.
Көрнекілік: Құстардың суреті, тақта, үнтаспа, орман бейнесі
Әдіс - тәсілдері: Психологиялық сәт, сұрақ - жауап, түсіндіру, сергіту сәті.

Психологиялық сәт:
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.

Жарқырасын күніміз,
Жайнап тұрсын гүліміз.
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық сабақ бүгін біз.
Ұйымдастыру кезеңі: Ал қане балалар орнымызға отырып, оқу іс - әрекетімізді бастайық.
– Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
– Бір жылда 4 мезгіл бар.
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір жылдың көктем мезгілі.
– Осы көктем айларын кім атап береді?
– Бір жылда неше ай бар?
– Бір жылда 12 ай бар.
– Аптада неше күн бар? Апта туралы санамағымызды айтып көрейікші.
– Бүгін аптаның қай күні?
– Қазір бізде қай сабақ?
– Қоршаған ортамен таныстыру.
– Ал енді балалар менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Тал басында тамаша үй». Ұя
– Жарайсыңдар, осы ұяны нелер мекендейді?
– Ұяны құстар мекендейді.
– Құстар туралы сендер не білесіңдер?
– Құстар адамға дос. Олар ағаштарды құрт - құмырсқалардан қорғайды.
Ендеше балалар қазір біз сендермен орманға саяхатқа шығамыз. Құстарды өз көзімізбен көріп келуге дайынбыз ба?
Музыка әуенімен балалар орманға келеді.
Осы кезде, ертегі ханшайымының хатын тауып алады. Тәрбиеші хатты балаларға оқып береді.
– Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге құстар әлемінен бір тамаша ертегі жібердім. Қане құлақ салып тыңдаңыздар.
Тәрбиеші: Ертеде бір бұлбұлдың балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол:
— Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неліктен алып құстардай ірі болмайсыңдар?– деп ата - анасының мазасын алады.
Оны естіген ата бұлбұл:
– Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қарға, тыраулап тырна бола алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға, – деп өсиет айтады.
Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді.
Ерке бұлбұл құстар әлемін ұзақ аралайды.
Сөйтіп ерке бұлбұл келе жатып қарғаға кездеседі.
– Қарға: мен қарғамын, қарғамын,
Көп қой менің арманым. Қарқ - қарқ, келе ғой бұлбұлжан.
– Бұлбұл: Өзі қап - қара, даусы қандай жаман еді. Ұнамайды маған.
– Сауысқан: Кел бұлбұлым, Сауысқанмын саңқылдаған,
Қонақжаймын аңқылдаған.
– Бұлбұл: Қалай дауыстайды? Даусы нашар екен.
– Торғай: Бұлбұлжан келе ғой.
Мен торғаймын, торғаймын,
Ағаштарды қорғаймын.
– Бұлбұл: Қызық қой мынау өзі, шамаңа қарашы.
– Бүркіт: Мен бүркітпін, бүркітпін,
Құстың бәрін үркіттім, ха - ха - ха.
– Бұлбұл: қорқыныштысын - ай, үлкенін - ай.
– Қарлығаш: Келе ғой бұлбұл.
Қарлығашпын қалықтаған,
Ұшудан ешбір жалықпаған.
– Бұлбұл: Қандай әдемі құс еді, бірақ неге құйрығы айыр? Ұнамайды маған. Деп ұша жөнеледі. Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді. Бірақ жүрегіне жақын үн, жанына жайлы ұя таба алмайды. Шаршап - шалдығып өз ұясына оралады.
Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады.
Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып:
Туған жерім – қымбат мекен,
Өскен ұям ыстық екен.
Бұлбұл үні – өз тіліме,
Ешбір әуен жетпейді екен, – деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды. Ерке бұлбұлдың сазды әуенін барлық құстар қызыға тыңдайды. Осы күннен бастап әнші бұлбұлдың даңқы бүкіл әлемге жайылады.
– Балалар сендерге ертегі ханшайымы жіберген ертегі ұнады ма?
– Иә.
– Ертегі қалай аталады?
– Ерке бұлбұл.
– Ертегіде қандай құстар кездесті?
– Қарға, қарлығаш, сауысқан, бүркіт, торғай.
Балалар сендер ертегі тыңдап шаршаған боларсыңдар, шаршағанымызды басу үшін сергіту жаттығуын жасап алайық.
Сергіту сәті:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
- Балалар сендер құстарды қалай қорғайсыңдар?
Жарайсыңдар балалар енді орнымызға келіп, алдымызда жатқан түсті пішіндерден жанағы құстарға ұя жасап берейік.
Жарайсыңдар балалар, осы жасаған ұяларыңды ағашқа апарып іліп қояйық.
– Жарайсыңдар балалар біз осы оқу іс - әрекетінен қандай жақсы нәрселерді үйрендік?
– Құстарға қамқор болуды, оларды күту керектігін т. б.
Ендеше біз оқу іс - әрекетімізді
Құстарымыз аман болсын
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×