Сайтқа кіру Тіркелу

Көліктер

Көркем әдебиет
Оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: Көлік түрлері, суреттері бағдаршам, жол белгілері
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Көліктер
Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: баған, аспалы, сым жол.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: балалар бір - біріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді/Шаттық шеңберіне тұру/.
Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін пысықтау жұмысы:
- Алыс жолға, саяхатқа шыққанда қандай көліктермен
жүреміз?/әңгімелесу/
Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеді. Аялдамадан автобусқа мінеді. Вокзалдан пойызға мініп, портқа жетеді. Кемемен жүзіп отырып әуежайға, әуежайдан ұшаққа отырып демалатын жерге де жетеміз. Көзімізді ашамыз. Қандай сезімде болдыңдар?
Дәптермен жұмыс: М. Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен таныстыру.
Бағанға ілінген
Аспалы сым жолы бар,
Көшелерде жүгірген
Троллейбус жолығар.
Сым жолымен зулайды,
Басқа жаққа бұрмайды.
- Троллейбусқа мініп көрдің бе?
- Троллейбустың автобустан айырмашылығы қандай?
- Сым жолымен қалай жүреді?
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,
қанатымызды жаямыз.
Ұшақ болып ұшамыз,
Суда жүйткіп жүземіз,
Кемелерді түземіз.
Жол тәртібін сақтап,
Троллейбусқа мінеміз. (Қимылмен көрсетеді).
Дидактикалық ойын: «Жолдан өте білесің бе?»
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Көліктер, жаяу жүргіншілер.
Бірінші топ көліктерге мінеді, екінші топ жаяу жүргіншілер бағдаршамға, жол белгілеріне қарап, жолдан өтуі керек.
Жұмбақ шешу: Төбесінде ебелек, ұшады өзі керемет. (Тік - ұшақ)
Табанында жолы бар,
төбесінде қолы бар. (Трамвай)
Қорытынды:
- Қандай көлік түрлерін білесің?
- Алыс жол жүріп көрдің бе?
- Өзің қандай көлікті ұнатасың? Суретін салып, әңгімеле.
Жақсы белсенділік көрсеткен балаларды мадақтау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×