Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің құбылыстары мен қыс табиғатының ерекшеліктері туралы білімдерін толықтыру. Балаларға жалпы құстар мен аңдар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру; Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту; Аңдарды, құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Безендірілген қысқы орман, қағаздан жасалған үлкен шана, қыс туралы суреттер, жұмбақтар.
Тәрбиеші:
Балалар сабаққа қандай көңіл - күймен келдіңдер.
Балалардың жауабы: (Тамаша)
- Иә балалар көңіл - күйлеріңнің тамаша екені кеуделеріңдегі эмблемада көрініп тұр. Тәрбиеші: Ал балалар, қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші,
Балалар: - Қазір жылдың қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Қыс айларын атап беріңдерші?
Балалар:- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші:- Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
Балалар -: Су қатады, қар жауады, боран болады, айналаның бәрін қар басады.
Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, балалар айналаның бәрін ақ қар басады. Жерді, тауды, тасты, орманды бәрін қалың қар басады. Ормандағы ағаштардың бәрі ақ көрпеге оранғандай болады. Қысқы орманның балалар ауасы таза, табиғаты тамаша болады.
Ендеше балалар бүгін бізде ерекше сабақ болайын деп тұр, өйткені бүгінгі сабақта біз сендермен орманға саяхатқа аттанамыз. Тамаша көңіл - күйлерімізбен шанаға отырып саяхатқа аттанайық. Орманға тез, әрі көңілді жету үшін ән айтып
• барайық.
Тәрбиеші:- Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
Балалар -: Су қатады, қар жауады, боран болады, айналаның бәрін қар басады.
Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, балалар айналаның бәрін ақ қар басады. Жерді, тауды, тасты, орманды бәрін қалың қар басады. Ормандағы ағаштардың бәрі ақ көрпеге оранғандай болады. Қысқы орманның балалар ауасы таза, табиғаты тамаша болады.
Ендеше балалар бүгін бізде ерекше сабақ болайын деп тұр, өйткені бүгінгі сабақта біз сендермен орманға саяхатқа аттанамыз. Тамаша көңіл - күйлерімізбен шанаға отырып саяхатқа аттанайық. Орманға тез, әрі көңілді жету үшін ән айтып
• барайық.
Ән айтылады: «Аппақ - аппақ, жапалақтап»
Тәрбиеші: - Міне, балалар, орманға да келіп жеттік.
- Далада қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Ауа райы қандай? (суық)
- Жерде не жатыр? (қар)
- Айналаға қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?(ағаштарды, шыршаларды)
- Айнала қандай?
- Қыс қандай болады? (қарлы, боранды, аязды)
Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды екен.
Тәрбиеші: - Қараңдаршы, балалар, мынау не? (ін). Мынау аюдың іні. Оны басқаша айтқанда аюдың апаны дейді. Аю қыста ұйқыға кетеді. Ол енді көктемде бірақ оянады. Аю жеміс - жидекпен, балықпен қоректенеді. Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар аю екен. Аю - жабайы аңдардың бірі. Жазда аю кез келген жерден өзінің қорегін таба алады. Сонымен бірге аю араның балын да жақсы көреді. Аш кезінде шөп пен ағаштардың тамырымен қоректенеді. Ол қысқы ұзақ ұйқы алдында жақсылап коректеніп, денесіне май жинап алады. Аюлардың түстері қоңыр, ақ болып келеді. Аюдың баласын қонжық деп атайды.
Аю туралы тақпақ кім біледі?
Ақкербез:
Орманда қар, жерде қар,
Қар жамылған аюлар.
Тәтті ұйқыға тым құмар,
Тыныш - тыныш!
Тәрбиеші: Балалар, айналамыздағы шыршаларға қарайықшы. Қандай әдемі. Бізге көрініп тұрған шыршалардың ішінде ең ұзын, биік шыршаны кім көрсетеді? Ал ең қысқа шыршаны ше?
Балалар көрсетеді.
Осыдан кейін қоян кіріп келеді.
Қоян: - Сендер кімсіңдер? Орманда не істеп жүрсіңдер?
Тәрбиеші:. Біз орманға саяхатқа келдік.
Қоян: Мен - кіммін таныдыңдар ма?. Біз орман тұрғындары келген қонақтарға ризамыз. Онда мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:
1) Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады.
(Қар)
2) Суға батпайды, отқа жанбайды.
(мұз)
3) Ақсақалды атаны - ай,
Мінезінің шатағы - ай.
(Қыс)
Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр: Ойын «Жақсы - жаман»
• Балалар, мен сендерге суреттер алып келдім. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.
• Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Балалар таза ауада ойнап жүр. Бұл балалар қандай балалар?
Жақсы, онда Әнуар қай қалтаға салады екенін көрейік.
• Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?
• Бала далада мұз жеп жатыр. Бұл қандай бала?
Камила қандай қалтаға салады екен.
•Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?
• Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр. Бұл қандай бала? жаман бала.
• Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?
• Жақсы. Қалташаға салайық.
Балалар ары қарай жүре берейік. Түлкі мен қасқырдың суреті. Балаларымен
• Түлкі мен қасқыр – жабайы жыртқыш аңдар. Олар үнемі қорек аулаумен болады. Бір күннің ішінде түлкі жиырма тышқанды аулап жиді. Сондай - ақ қояндарды және ауырып жатқан жануарлармен құстарды аулайды.
«Қасқырды аяғы асырайды» деген мақал халық айтылады, себебі қасқыр алыс арақашықтарды жүріп өтіп, өз тамағын табады.
Жануарлар аштыққа ұшырамауы үшін қыз мезгілінде оларды жиі қоректендіріп отыру керек. Адамдар орманның ішіне шөп әкеледі. Шөппен еліктер, бұғылар, қояндар тамақтанады: ал түлкі болса, осы жерден тышқандармен қояндарды аулайды.
Сергіту: «В мире животных» мелодиясы. Аңдардың видеосымен
Қоян: Ақылды балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын!
Тәрбиеші:- Сендерге бүгінгі орманға жасаған саяхатымыз ұнады ма?
- Осы ормандағы құстарды, аңдарды қорғайтын сендерсіңдер. Ел байлығы - жер байлығы. Осы байлығымызды аялайық.
- Қоян, бізді жақсы қарсы алғанына рахмет. Біздің балабақшамызға қайтатын уақытымыз келді, шанамызға отырып қайтайық
Қоян: Сау болыңдар, балалар! Онда менде өз үйіме қайтайын.
Балабақшамызға тез әрі, көңілді қайту үшін білетін «Қыс қызығын көреміз»- атты әніміздің жалғасын айтып барайық.
Балалар әуенмен топқа оралады
Тәрбиеші: Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Орманда не көрдік? Қысқы орманды көрдік.
«Мозайка» құрастыру. «Түлкі», «Қоян», «Аю»
Мақсаты: Қима суреттерді құрастыру арқылы аңның сұлбасын құрастыру.
Баланың ой - өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
Аңдардың қысқы тіршілігі
- dinara.satybaldieva.87
- 13 ақпан 2016
- 4805
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Аңдардың қысқы тіршілігі, мектепалды даярлық
Ұқсас жаңалықтар:
Қыс көңілді тамаша!
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы...Қыс қызығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы «Мөлдір» балабақшасы тәрбиешісі Тлеубаева Ақбөкен Аманғалиевна...Жабайы аңдар
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...Қыс
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақшасы тәрбиешісі: Кушембетова Әдемі Жарасханқызы...Cиқырлы ағаштар
Ақтөбе облысы , Мұғалжар ауданы,Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақшасы тәрбиешісі: Садыкова Тамара Сейлхановна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.