Сайтқа кіру Тіркелу

Нағыз ана, нағыз әже

Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
№ 2 ЖОББМ шағын орталықтың
тәрбиешісі Ахметова Сулушаш Заркешқызы

«Нағыз ана, нағыз әже» аналарға арналған ертеңгілік

«Нағыз ана, нағыз әже»
Кейіпкерлер: жүргізуші, Клоун, Мыстан бикеш.
Ертеңгіліктің барысы:
Музыкамен ұлдар залға кіреді. Жарты шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші: Ұлдар, бүгін қыздардың, аналардың, мерекесі ғой! Барлықтарың келдіңдер ме? Мерекеде кімдер жоқ? Біздің қыздар сәнденіп кешікті ғой тоса тұрайық ендеше бүгінгі мерекемізді ұлдардың орындауында «Анаға сәлем» әнін қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Әне, қыздарымыз да келіп қалыпты! Ұлдар шығып қыздармен бірге кіреді. Қошеметпен қарсы алайық!
(Музыка әуені естіледі де, қыздар, ұлдармен залға кіреді.)
Жүргізуші (қыздар кірген кезде): Қараңдаршы, біздің қыздарымыз қандай әдемі болып кетіпті! Ұлдар қыздарға басын иеді.
Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды.
Айназ,
Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар
Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Санжар
Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған
Сақтандырып күнде еккен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс.
Дильназ
Сеніміңді ақтайды
Еркелеткен баламын
Аман жүріп әрқашан
Мұңаймашы анашым
Алмат
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегімді жалғадым
Өзін мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Абушахман
Ерлік еткен біз үшін
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді
Анамызға мың алғыс.
Расул
«Жаным» дейсің мені,
Жаратушым – бір сен.
Жалғыз өзің, тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!
Данияр:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Даулет:
Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ералы:
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.
Ән «Айналайын, ақ мамам!»
Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға сюрприз дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оларды шақырайық па?
Балалар: Иә!
Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қыздар!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! (Бәрі балалардың қолынан ұстап амандасады. )
сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін. Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетемін.
(Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді.)
(Бәрі күледі)
Жүргізуші: Қой Вили Тили, мойыныңды сындырасың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал.
Ой балалар, балалар
Ойналық та күлейік
Қане енді бұралып
Би билеп те берейік
Би «Қазақстан»
Сайқымазақ: Қандай жақсы би. (Қимылдарды қайталап билеп тұрады) Тағы да билейікші.
Жүргізуші: Жоқ, Вили Тили, біз мерекені жалғастырайық. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Балалар шашырап тұрады.
Нұрсұлтан
Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін», деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Гүлзада
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.
Ернұр
Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем.
Аяулым
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем!
Ән «Әжетайым»
Әннен кейін машинаның гуілдеген дыбысы естіледі. Мыстан бикеш кіреді.
Мыстан бикеш: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондайлық мәз болып отырсыңдар?
Жүргізуші: Сен кімсің? Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың?
Мыстан бикеш: Мен Мыстан бикешпін, сендер мені не таныған жоқсыңдар ма? Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз сүйікті немересімін.
Сайқымазақтар: Ал мыстан кемпірдің өзі қайда?
Мыстан бикеш: Ол пенсияда ғой! Енді мен оның орынбасары боламын.
Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды, қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды.
Жүргізуші: Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой. Неге кетуіміз керек? Біз еш жаққа кетпейміз.
сайқымазақ: Мыстан бикеш, сен өзің үйіңе кет. (оған үрлейді) Иә, барған жеріңе бар. (итереді)
Мыстан бикеш: Солай ма? Ал қазір мен саған көрсетемін. Менің шляпам сиқырлы, қазір мен сені бақаға айналдырамын.
Қане сайқымазақ,
Бақаға айнал.(шляпасымен тербейді)
Сайқымазақ бақа болып бақылдайды, секіріп залдан шығады.
Мыстан бикеш: А ха ха, енді сендерді ешкім күлдіртпейді. Көңіл күйлеріңді ешкім көтермейді.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен не істедің. Сен балалардың мерекесің бұздың ғой.
Мыстан бикеш: Иә, ал сендер маған не істей аласыңдар. Ештеме істей алмайсыңдар ғой.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізге Тили Вилиды қайтаршы.
Мыстан бикеш: Ал сендер маған олар үшін не бересіңдер.
Жүргізуші: Біз саған гүлдерді жинай аламыз.
Мыстан бикеш: Гүл дейсіңдер ме? Жарайды, келісемін.
Ойын «Гүлді жина» эстафетасы
Ойынның шарты: екі баладан 2 топқа бөлінеді. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек-кезек бір бірден алады. Сосын қыздарға сыйлады.
Ойынның аяғында қыздар гүлдерді Мыстан бикешке сыйлайды.
Мыстан бикеш: Гүлдерің неге сондайлық аз? Онда мен сендерге сайқымазақтарды қайтармаймын.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен бізді неге алдадың. Біз сенің айтқаныңды орындадық қой. Ал сен болсаң алданшақ екенсің. Балалар, айтыңдаршы, адамдарды алдауға болады ма?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, білесің бе жаман қылықтарды істеуге болмайды. Солай ғой балалар? Қазір біздің балаларымыз саған өмірде қандай болу керек және қандай болмау керек екенін айтады.
Екі бала шығады.
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» тақпағын айтады.
Мыстан бикеш: Ой, балалар. Енді ұқтым. Менің барлық істеген істерім жаман болды екен. Ал жақсы болып қалу үшін, маған кішкене билеп, көңіл көтеру керек.
Жүргізуші: Мыстан бикеш, саған арнайы біздің қыздарымыз әкелерімен бірге би билеп береді.
Би «Сүйікті әкем»
Мыстан бикеш: Рахмет сендерге балалар, енді мен ешқашан да жаманшылық істемеймін. Ал сайқымазақты қазір әкелемін.
Сайқымазақ: Алақай, рахмет сендерге балалар, сендер мені құтқардыңдар.
Сендер болмасаңдар, мен бақа болып жүруші едім.
Мыстан бикеш: Жарайды балалар, маған апамды Мыстан кемпірді мерекемен құттықтауға бару керек.
Жүргізуші: осы гүлдерді оған сыйла.
Мыстан бикеш: Сау болыңдар!
Сайқымазақтар: Алақай!!! Алақай! Мерекені жалғастырайық! Алақай!
Жүргізуші: Мен өте қуаныштымын, сондықтан «Алақай, балақай» биін билейік.
Би: «Алақай, балақай» с шариками
Жүргізуші: келесі құттықтау тақпақтарын құрметті аналар сіздерге арналады Қабыл алыңыздар.
Мансұр
Анам менің сүйіктім
Тек өзіне табынам
Қасымда болсам жарығым
Алыстасаң сағынам
Науан Бүгінгі көктем күнінде
Барлық адам қуанар
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар
Бексұлтан Шаттық сезім, ой келді
Қуанышты күн енді
Құттықтаймыз сіздерді
Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар
Алтынбек Достықты біз ойлаймыз
Күнде күліп ойнаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз
Асылхан
Асылжан Таппадым сенен артық жанды
Байлығым екенсің қасымдағы
Мәңгілік борыштар боп өте тұғын
Бақытым – ана өзің қасымдағы
Нұрсая
Әлпештеген баласын
Ана бақыт ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Диас Анашым менің жан анам
Мейірімнен жаралған
Тәрбие алып өзінен
Ақ сүтінен нәр алған
Жаннұр
Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам
Аялайтын біздерді
Көп жасасын жақсы адам
Малика
Анашым менің жан анам
Мейірімнен жаралған
Тәрбие алып өзінен
Ақ сүтінен нәр алған
Жүргізуші: Тили Вили сендерге біздің балаларымыз ағылшын тілде тақпақты да әнін де жақсы айтады.
Жалықпастан үйреніп,
Бір неше тіл білеміз
Шет тілінде сызылтып
Сүйікті ана туралы
Ән салуды сүйеміз.
Альбина, Алина:
Ән «My dear, dear mammy!» Сергіту сәті ағылшын тілде
Сайқымазақ: Қандай әдемі ән.
Қазір сендер аналарыңды қалай жақсы көретіндеріңді сурет арқылы көрсетіңдер.
Ойын «Ананың суретін салу»
Жүргізуші: Келесі әнді біздің Асылжан мен Гүлзаданың орындауында « Қошақаным қайда екен»
Жүргізуші: Тили Вили, сен тағы қандай ойынды білесін.
сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар?
Балалар: Иә.
сайқымазақ: Ал, қазір маған, 10 бала шығады.
«Күндерді жина» ойны
Ойын шарты: әр бір командаға күннің бөліктері беріледі (шеңбер және 10 шуақтары). Балалар осы бөліктерден күн құру керек. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.
сайқымазақ: Балалар, мен сендерге тағы сыйлықтарды әкелдім. (екі шелек, балықтар )
сайқымазақ: Балалар, осы нәрселермен ойын ойнасақ!
Жүргізуші: Балалар, ойнаймыз ба?
Балалар: Иә.
сайқымазақ: маған 4 бала керек.
Ойын «Балық аулау».
Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің.
1 сайқымазақ: Иә, мен сондаймын. Мен көп ойындар, әндер де, билер де білемін. мен фокуста көрсете аламын. Көрсетейін бе.?
Фокус:
Орамалдармен. 1 сайқымазақ қалтасына орамал салады, ал екіншісі өз қалтасынан бірдей орамалды шығарады.
Жүргізуші:
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Біздің балаларымыз сіздерге сыйлықтарын тарту етеді. Қабыл алыңыздар! Ұлдарымыз қыздарға сыйлықтарын сыйламақшы.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қош келдің, жаңа жылым!

Қош келдің, жаңа жылым!

Барысы: Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіріп, орындарына отырады....
Туған күнді тойлаймыз

Туған күнді тойлаймыз

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасы саз - іс әрекеті маманы: Ғилажова Лариса Байболатқызы...
Қыс қызықтары

Қыс қызықтары

Мақсаты: балалармен бірге қысқы ойын – сауық атауларын бекіту; қимыл – қозғалыстарын дамыту, тәрбиешінің дабылы бойынша дұрыс қимылдай білу; ойын –...
Аналар асыл қазынам

Аналар асыл қазынам

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...
Туған күн мерекесі

Туған күн мерекесі

Бүгін бізде мереке. (Туған күнді атап өту) жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде мереке, себебі өз сыныбымыздағы сыныптастарымыздың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×