Сайтқа кіру Тіркелу

Қысқы киімдер

Ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қысқы киімдер.
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дүкеннің макеті, түрлі киімдердің суреттері, қуыршақ, сандық.
б\м: малақай - шапка -, күрте - куртка -, етік - сапоги -, қолғап - перчтка -, мойынорағыш - шарфик - Оқу іс - әрекетінің барысы:
Оқу іс - әрекетінің түрлері Тәрбиешінің іс - әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту.
1. Психологиялық сәт:
Балалар сіздердің көңіл - күйлерін қалай?
- Сендер көңілді болғанда не істейсіңдер?
- Ренжігенде ше?
- Қорыққанда?
- Таң қалғанда ше
- Қуанғанда ше?
Сұрақтарға жауап алу.
- Бүгін қандай күн?
- Ауа райы қандай?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
Біздің сабаққа қонаққа қуыршақ Айгүл келіп отыр. Ол жай келген жоқ. сандығы толы киімдерімен келіпті.
Сендер мұқият қараңдаршы, Айгүл қандай киімдер киіп келіпті?
- Киімді қай мезгілге сай киген?
- Олай болса балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қысқы киімдер»
- Жақсы
Балалардың іс - әрекеті
- қол шапалақтаймыз
- қабақ түйеміз
- көзімізді жұмамыз
- таңырқаған кейіпті көрсетеді
- Күлеміз
Балалар орындарын дайындап, қойылған сұрақтарға жауап береді.
- Қысқы киімдер киіп келген.
- Қыс мезгіліне сай киген
Ұйымдастыру кезеңі 2. Негізгі бөлім
– Балалар, Айгүл сендерге бірнеше киімдер ала келіпті. Қазір Айгүлдің сандығын ашып, сендерге ішіндегі киімдерді таныстырамын, мұқият тыңдаймыз.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Пима – жүннен басылған қысқы аяқ киім.
Тон – қой терісінен иленген, жылы сырт киім.
Ішік – іш жағы аңның терісінен тігілген.

«Балаларға арналған киім дүкені» деген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сергіту сәті
Тоңса біздің қолымыз
Қолғапты киіп аламыз
Сарт - сарт - сарт
Шапалақты соғамыз
Тоңса біздің аяғымыз
Етікті киіп аламыз
Топ - топ - топ
Топылдатып билейміз

С\о: «Дүкенде» сюжетті - рөлді ойыны. Ойынның шарты: дүкен сөрелерінде қысқы киімдер: тон, пима, қолғап, күрте, тұр. Қысқы киім іздеген бала дүкенге келіп, сатушымен әдепті түрде амандасып, сөрелерден өзіне қажетті киімді таңдайды. Ол таңдаған киімін алып, сол киімге байланысты сөйлем құрау керек. Дүкеншінің осы тапсырмасын орындаған кезде ғана киімді ала алады. Мысалы: Қыста қалың тон киеміз.

Дәптермен жұмыс
Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттату.
1. топпен
2. қатармен
3 жеке - жеке айтқызу
Сурет бойынша жұмыс.
«Не артық?» ойыны.
Артық киімдерді қоршау.

Сергіту сәті
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.

Шығармашылық жұмыс
Қысқы киімдердің бөліктерін құрастыру: тон, қолғап, малақай, етік, мойын орағыш.
Киімдерді топтап айтқызу.
Малақай, құлақшын – бас киімдер. Байпақ, кебіс, пима - аяқкиімдер.
Д/о: «Қуыршаққа қысқы киім кигізу» Малақай – құлағы бар жылы бас киім, құлақшын.

Балалар қысқы киім түрлерімен танысты.

Балалар сөйлем құрастырады.
Әңгіме құрастырып айтады.

Ойынға барлығы қызығушылықпен қатысады.
Балалар санамақты жаттап, айтып береді.

Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Қорытындылау - Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
- Қысқы киімдерді атаңдар?
Санамақты қайталап, жатқа айтқызу.
Күтілетін нәтиже:
1. Балалар қысқы киімдер туралы түсінік алады.
2. Әр мезгілде киетін киімдерді атай біледі. Ойлау қабілеттері дамиды.
3. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелейді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×