Сайтқа кіру Тіркелу

Әжелер отбасының берекесі

Тақырыбы: «Әжелер отбасының берекесі»
Мақсаты: ата салтымызды қадірлеу, кейінгі ұрпаққа мұра етіп жеткізу, ұлттық тәрбие беру.

Жас ұрпаққа жасайтын тәрбиелеудің маңыздылығы қазақ халқы ерте түсінген.
Бала өмір жалғасы, халықтың мұрагері, әже тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны ерекше әже тәрбиесін көрген бала болашақта ізетті, адам болып өсуіне күмән жоқ. Олай болса, балалар құрметті қонақтар мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырумен «Әжелер - отбасының берекесі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Сайысты бастамас бұрын әділ – қазылар алқасын дайындап алайық.
Сайыс шарттары.
1. Таныстыру.
2. Өз өнері.
3. Сұрақ – жауап.
4. Салт - дәстүрден көрініс.
5. Қазақтың ұлттық асын дайындау.
Жүргізуші
Әжем менің жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп
Аман – есен жүр әжем.

Бізге жарық сыйлаған, бізді дүниеге әкелген анамыз бен әкеміз болса, сол әкеміздің анасы әже, ананың анасы нағашы әже болады, Біз әжемізге немере боламыз. Ия әрқашан еркелетіп жүрер әжеге бала болу қандай бақыт. Олай болса ортаға сайысқа қатысатын
әжелерімізді ортаға шақырайық.
1. Тапсырма. Әжелер өздерін таныстыру.
2. Тапсырма. Сұрақ – жауап.
1. Бесік жырын білесіз бе?
2. Немереңізге ертегі айтып бересіз бе?
3. Сүйінші қай уақытта сұралады?
4. Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелейді.?

5. Тілашар тойы қай кезде жасалады.?
6. Наурыз туралы түсінік беру.?
7. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай.?
8. Шілдехана тойы қай кезде тойланады.
3. - Тапсырма.
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар.
Қандай ғажап күлкісі.
Мейірімді бұл кісі.
Әжеле өз өнерін көрсетеді

4 - тапсырма Әже маған үлгі сөзіңіз.
Өнегесіз өзіңіз.
Жақсылыққа талпынар.
Біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене
Жаман деген немене.
Осындайда, әжетай
Айтыңызшы өнеге.
Салт – дәстүрден көрініс немесе салт - дәстүрдің мағынасын ашу.

1. әже Тәжібала әже «Тұсау кесу».
2. әже Қалимаш әже «Бесікке салу».
3. әже Шәйім әже « Қырқынан шығару»
4. әже Сайра әже «Тілашар тойы»
5 - тапсырма әжелердің қолынан дайындалған ұлттық тағамдар.

Әжем шағын зауыттай.
Ас пісірер жалықпай.
Қолдан шыққан мәзірі.
Қуандырар бәріңді.
Сайыс өз мәресіне жетті сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Ия балалар, бала еттен жаратылса, немере сүйектен жаратылған деген бар ғой олай, болса әжелер әр кез немерені еркелетіп жүре беріңіздер.

Қарттық деген қасиетті ұғым бар,
Мен өзіңнің пейіліңмен жалындар.
Балалардың болашағын аңсаған.
Бойларыңда бір керемет жылу бар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×