Сайтқа кіру Тіркелу

Келе, бер көктем

Білім беру саласы: Қатынас / таным. Тақырыбы: Келе бер, көктем. Бөлім: Көркем әдебиет
Мақсаты: Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Суретке қарап әңгіме құрастыру арқылы баланың сөздік қорын дамыту.
Сөздікпен жұмыс: Шуақты, жер көйлегі.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап
Қос тілді түсінік беру: Көктем – весна, ай – месца, құс - птицы, гүл - цветы
Көрнекі құралдар: Көктем суреттері, құстар
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Балалар шеңбер бойына жиналып өлең жолдарын қайталайды.
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде,
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз
Сұрақ - жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Көктем айында қандай ұлттық мерекені тойлаймыз? Амандасау.

Сұраққа жауа алу.
Ұйымдастырушылық
ізденушілі кезең Күн, күн, сен неге күлімдейсің?
Көктем келді
- Жаңбыр, жаңбыр, сен неге сыртылдайсың?
Көктем келді.
- Бұлақ, бұлақ, сен неге сылдырайсыңдар?
Көктем келді.
- Құстар, құстар неге сайрайсыңдар?
Көктем келді.
Көктемнің алғашқы гүлі қандай гүл – бәйшешек.
Көктемнің алғашқы құсы – ұзақ.
Жер қандай түске өзгереді?
- Жерде не өседі?
Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін оқып беру.
Күншуақты кез келді
Көп көрініс көзде енді
Жерге сіңіп қалың қар.
Жер көйлегі өзгерді.
Тыныштық сәті
Дидактиаклық ойын: «Гүлдер»
Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып.
Гүлдей болып жайқалам.
Дәптермен жұмыс «Көктемгі еңбек» сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Жұмбақ шешу
Күн ұзарып, қар еріп,
Су сайларға толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? Мәтінді мұқият оқып беру, түсіндіру

Сұрақ - жауап алу
Хормен айту
Ойын ойнау
Сергіту сәтін қимылмен жасау
Жұмбақ шешу.

Рефлексивті – түзетуші кезең
Қорытындылау
Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді?
Ауа райында қандай өзгеріс болды.
Ағаштар қалай өзгерді
Көктем мезгіліне арналған өлең айтып бер.

Мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек – Көктем айларын жатқа білу керек
Түсінігі: Көктемде тіршілік оянады.
Білуі тиіс: Көктем айында наурыз ұлттық мерекені тойлаймыз
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×