Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту;
3. Білімділік: Оқушыларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың көргізбелігі: Түрлі маман иелері көрсетілген суреттер, тіл дамыту әліппе – дәптері.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа дайындықты көріп шығу.
II. Психологиялық дайындық:
Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.
– Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
– Ата – аналарың, аға – апаларың, көршілерің қандай мамандық иелері? Соларды атап өтіңдер.
III. Жаңа сабақ:
Еңбек етсең ерінбей,
Абыройыңды асырған.
Бірақ өзі көрінбей,
Бізден бойын жасырған. (Мамандық)
Ал енді балалар тіл дамыту әліппе – дәптерінде берілген тапсырманы орындаймыз. Ол үшін өздеріміз жақсы білетін мамандық түрлеріне тиісті еңбек құралдарын сызық арқылы қосамыз.
Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Енді мен сендерге мамандық жайлы жұмбақтар жасырамын. Құлақ салып тыңдап отырамыз.
IV. Жұмбақтар:
1) Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі. (Мұғалім)
2) Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
3) Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)
4) Зымыранды ерттеген,
Ай – жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)
5) Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім? (Шекарашы)
6) Тәртіп, заңды сақтайды,
Ел сенімін ақтайды. (Полиция)
Өте жақсы. Енді сендер өскенде кім болғыларың келеді? Қандай мамандық иелері болғыларың келеді? Сол туралы айтасыңдар.
V. Тақпақтар:
Мұғалім (Мариям):
Жаққан білім шырағын,
Мен боламын мұғалім.
Дәрігер (Бану):
Сыйлайтын саулық, амандық,
Дәрігер жақсы мамандық.
Шекарашы(Адильжан):
Тыныштық күзетіп тұратын,
Шекарашы болып шығамын.
Жүргізуші (Кудайберген):
Елге қызмет істеген,
Көлік айдап үйренем.
Аспазшы (Данагуль):
Жасайтын түрлі тағамдар,
Аспазшы жақсы мамандық.
Ғарышкер:
Тоқтар, Талғат – нағыз ер,
Солардай болам – ғарышкер.
Полиция:
Тәртіп, заңды қолдайды,
Полиция елді қорғайды.
Құрылысшы:
Адамдарға үй салған,
Құрылысшы болам ұлғайсам.
Кенші (шахтёр):
Ел байлығын көбейткен,
Шахтёр болам есейсем.
Тігінші:
Тігетін киім-кешекті,
Тігінші болам мен епті.
Электрик:
Жарық еткен түніңді,
Электрик болам білімді.
VI. Қорытынды: Өте жақсы балалар, ер жеткен соң ата – аналарың мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы елің мақтан тұтатын азамат, маман иесі болыңдар!
Мамандықтың бәрі жақсы
- bibka
- 31 мам 2014
- 48371
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мамандықтың бәрі жақсы, мектепалды даярлық топтарына арналған тақпақтар
Ұқсас жаңалықтар:
Мамандықтың бәрі жақсы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру М, Н дыбыстары
Мақсаты: 1. білімділік Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейту. 2. дамытушылық Сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту....Мамандықтың бәрі жақсы
Көлік, мамандық туралы білімдерін тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешіп, тақпақ айту арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік...Мамандықтың бәрі жақсы
Шаттық шеңбері: Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз, күлеміз. Бірге балық аулаймыз,...Мамандықтың бәрі қажет, мамандықтың бәрі керек
Мақсаты: Үлкендердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту, құрметтеуге, бағалауға үйрету. Сүрет бойынша «Мен кім боламын?» әңгіме құрастыру. Еңбекке...Кім болғым келеді?
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: сабақты өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, мамандық иелерінің не істейтінін, қайда істейтінін оқушыларға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.